1800-ден астам мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялардың менеджерлері мемлекеттік басқару мен коммуникацияның негізгі дағдыларын оқып үйренді

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі құрылғаннан бері орталық және жергілікті атқарушы органдардың 1800-ден астам мемлекеттік қызметшілері мен ұлттық компаниялардың менеджерлері оқыту тренингтерінен өтті. Бұл “Арнайы қайта даярлау курстары”, “Жаңа формация жетекшісі” және т. б. сияқты бағдарламалар.

Бағдарламаның мақсаты – уақыттың жаңа сын-қатерлеріндері жағдайында тиімді басқару бойынша жоғары буын басшыларының практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Бағдарламалар стратегиялық сессияларды, интерактивті пікірталастарды, тренингтерді, ситуациялық оқытуды, шағын топтарда жұмыс істеуді және т.б. қамтиды.

Тренинг оқытушыларының бірі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры Ифтихар Лодхи қысқа мерзім ішінде шенеуніктер өз сұрақтарына жауап таба алады, жағдайға басқа көзқараспен қарайды, сондай-ақ алған білімдерін дереу іс жүзінде қолдана алады.

«Мен қатысушыларға тапсырма бердім, «Сіз қала әкімісіз, сізге көше шамдарына қатысты жаңа саясатты енгізу қажет» дедім. Содан кейін сіз енгізген саясат туралы жергілікті адамдар не айтады? Олар көп жағдайда адамдарға емес, өз пікірлері негізінде жауап береді. Нәтижесінде азаматтар әкімдіктің мұндай біржақты шешіміне әрдайым риза бола бермейді. Мен қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің мінез – құлқындағы жалпы заңдылықты байқадым – көпшілігінде «олар не істесе де, оны адамдар теріс қабылдайды» деген  бар”, – деп мәлімдеді профессор Лодхи.

Нәтижесінде, оның айтуынша, коммуникациялық вакуумдар көбінесе наразылық пен жанжалға айналады, әсіресе әлеуметтік желілерде. Алайда, бұл адамдар өз пікірлерін есту үшін қатты шағымдануы керек болған кезде коммуникацияның төмен деңгейін көрсетеді.

Ифтихар Лодхи сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік қызметшілерді үлкен ынта мен бір нәрсе жасауға деген ұмтылыс біріктіретінін, алайда, ғалымның пікірінше, барлығына дерлік шыдамдылық жетіспейтінін атап өтті.

Толық ақпарат алу үшін pressa@old.nu.edu.kz эл. поштасынаа немесе +7 7172 706091 телефоны арқылы Назарбаев Университетінің Пресс-офисіне хабарласыңыз.