2014 жылдың 24-28 қараша аралығында Назарбаев Университетінде екінші «Ғылым Аптасы» өтуде
Жыл сайынғы «Ғылым Аптасы» – ғалымдар, мамандар, компания, әкімшілік өкілдері ашқан ғылыми зерттеу нәтижелерімен және идеялармен бөлісу мен таратуға арналған алаң. Бұл іс-шараның ең басты мақсаты – Назарбаев Университетінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін барша кең ауқымда көрсету, сонымен қатар Университет пен Қазақстанның басқа оқу мекемелері мен ғылыми орталықтары арасында тәжірибе алмасу және серіктестікті нығайту. Биыл ғалымдар негізгі үш тақырып бойынша зерттеулерін ұсынады: сапалы ұзақ өмір сүру, қоршаған ортаны зерттеу және қорғау, әлеуметтік-экономикалық даму.
Іс-шара бағдарламасы постер-таныстырылымдар, пленарлық отырыстар, кітапхананың электрондық ресурстарын тиімді қолдану мастер-кластары, және Fisher Scientific, әлемнің ең үздік ғылыми жабдықтарын өндіруші өткізетін біліктілік семинарларынан тұрады.
Назарбаев Университетінің ғылым жөніндегі вице-провосы Филипп Фроссард атап өткендей: «Ғылым Аптасы» Назарбаев Университетінде жүргізілген зерттеулермен танысуға мүмкіндік береді. Біз Университет тәжірибесінің қазақстанның жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына таратылуын қамтамасыз етіп, академиялық бағдарламалар мен білімді одан әрі ілгерілете алатын ғылыми орталық құруға тырысамыз. Биыл ұлттық және халықаралық серіктестеріміз және біздің әріптестеріміз іс-шараға ынта білдіріп, өздерінің ғылыми абстрактыларын тапсырды».
«Ғылым Аптасына» қатысатын ғалымдар үшін бұл конференция серіктестерін табуға және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін платформа. Ал студенттер өздерін қызықтыратын ғылыми жұмыстарымен танысып, Назарбаев Университетінің профессорлары мен ғылыми қызметкерлерімен бірлесіп ғылыми жұмыстар жүргізе алады.
«Ғылым Аптасы» барысында бірнеше басты лекция мен семинарлар өтеді. Медицина Мектебінің деканы Массимо Пиньятелли «Дара медицинасындағы патологияның жаңа беті» атты дәрісін ұсынады; Асанбай Жұмабеков, «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының» АҚ президенті «Қазақстандағы ғылым және технологиялар – мәртебесі, дамуы, реттеу»; Жоғары Бизнес Мектебінің деканы Рамон О’Каллаган «Инновация және кәсіпкерлік. Әрекетшілдік пен қатынастың эмпирикалық зерттеуі» – атты зерттеулерін ұсынады.
Бұл іс-шараға Назарбаев Университетінің студенттері мен қызметкерлері, ҚР Ғылым және Білім министрлігінің өкілдері және бүкіл Қазақстаннан келген ғалымдар қатысады. Шараның ресми тілі – ағылшын тілі.
Екінші «Ғылым Аптасының» басты демеушісі әлемнің ең үздік клиникалық зертханалық диагностика жабдықтары мен биология, медицина, өнеркәсіп саласындағы ғылыми жабдықтар өндіретін компания, «ThermoFisher Scientific UK Limited». Сонымен қатар іс-шараға қолдау көрсеткен ұялы байланыс операторы «Kcell», Nazarbayev University Research and Innovation Systems – ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, білім беру және ғылыми-сервистік қызметі, сондай-ақ Назарбаев Университетін техникалық оқу және ғылыми-зертханалық эксперименттік базамен қамтамасыз етуді қамтитын ғылым мен білім саласындағы қызметті жүзеге асыратын орталық және «БиоХим Прибор» ЖШС – әлемнің үздік зертханалық жабдықтарын Қазақстанға әкелетін компания.
Назарбаев Университеті Коммуникация және маркетинг департаменті
Астана қ, Қабанбай батыра даңғ., 53
Тел: +7(7172) 709357, 706088, 706089, 708954
Email: pressa@old.nu.edu.kz