Назарбаев Университетінің Жоғарғы бизнес мектебінде Executive МВА бағдарламасының түлектеріне «Іскерлік басқару магистрі» дәрежесін алғандығы жөнінде сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті.

Назарбаев Университетінің Жоғарғы бизнес мектебінде Executive МВА бағдарламасының түлектеріне «Іскерлік басқару магистрі» дәрежесін алғандығы жөнінде  сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімнің ресми бөлігі Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсудың, Жоғарғы бизнес-мектебінің деканы Рамон О’Каллагханның, Дьюк университеті Фукуа бизнес мектебінің  деканы Билл Болдингтің бағдарлама түлектерін, Қазақстанның үздік компанияларының топ-менеджерлерін құттықтау сөзімен басталды. Бұл бағдарлама Дьюк Университетінің  Фукуа бизнес мектебімен әріптестікте жүзеге асырылатындықтан, бағдарлама түлектері Фукуаның деканы Билл Болдингтан атаулы хаттар алды. Forbes Kazakhstan журналының болжамы бойынша Қазақстанның 50 ықпалды бизнесмендерінің бірі болып табылатын,  «Lancaster Group Kazakhstan»  АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы  Берик Каниев рәсімнің арнайы қонағы болды.

Дьюк Университетінің (АҚШ) Фукуа Бизнес Мектебімен стратегиялық серіктестік 2012 жылы басталды. Қазіргі кезде НУ ЖБМ-де әлемдік деңгейдегі  нарық бизнесі құзыреттілігіне қол жеткізу жағдайлары бағытында бейімделген  білім беру  басталады. Мектеп МВА (Іскерлік Басқару Магистрі) дәрежесін алу және топ-менеджмент үшін қысқа мерзімді бағдарламаларда оқу мүмкіндіктеріне қол жеткізеді.