Жоғары білім беру мектебінде оқу орындарын басқаруды үйретеді

Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебіндеҚазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бақылау кеңесі мүшеліріне арналған біліктілікті көтеру бағдарламасыбасталды. 40-тан астам бақылау кеңесінің мүшелері жоғары оқу орындарын тиімді және демократиялық түрде басқару үшін бірге жиналды.

apkecm.nu.edu.041211

ЖОО-ның бақылау кеңестерінің мүшелері сабақта, 13-ші қазан, 2014 жыл
 
Беделді тұлғалар бақылау кеңестерінің мүшелері ретінде сайланды. Мысалы үшін, Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті бақылау кеңесіне ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Виктор Рогалев, ал мұнай жоғары оқу орны – Атырау мұнай және газ институты бақылау кеңесіне «Эмбаведьойл» ЖШС-інің бас директоры Мағауия Чердабаев және «Каспий мұнай газ» ЖШС-інің бас директоры Мырзабек Қуанғалиев кіреді. 
Бақылау кеңестері- қоғамдық  құрылымдарды білімді басқаруға тартатын жаңа құрылымдар. Бақылау кеңестері еліміздің 10 жоғары оқу орнында пайда болды. Елімізде бақылау кеңестеріне үлкен мән беріледі. Оның ішіне ЖОО-ы жұмысын қоғамдық бақылаумен қамтамасыз ету, оның стратегиясы және даму бағдарламасына жауапкершілік, бюджетті бөлу және басқа да маңызды сұрақтар кіреді. Элементтердің бірі бақылау кеңестері болатын корпоративтік басқару жүйесі өзін беделді рейтингтерде алғашқы орындарға ие әлемдегі үздік университеттер арасында көрсетті. 

apkecm.nu.edu.041212

Мэтью Хартли, Пенсильвания университетінің профессорі, «Қамқоршылық кеңестерінің тиімді жұмысы» баяндамасын жасады. Аида Сағынтаева, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің басты атқарушы директоры «Алқалы басқару: Қазақстандық тәжірибе» баяндамасын жасады.
 
Бағдарлама халықаралық тәжірибені есепке ала дайындалып, кейстерді оқу, топта жұмыс істеу, талқылау, практикалық сабақтарға негізделген. Курс аясында оның тыңдаушылары идеялармен, пікірлермен және отандық бақылау және қамқоршылық кеңестерінің жұмыстары тәжірибесімен алмасып, АҚШ және Ұлыбритания тәжірибелерін үйренеді. Бағдарламаға қатысу пайдалы болатынына кепілдік беру үшін қатысушылардың әрбіреуі университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес өтілген оқыту негізінде әрекет жоспарын дайындайды. Бағдарлама нәтижесін бағалау әрекет жоспарының орындалуы негізінде жүзеге асады. 
Лекторлар ретінде Британдық  жоғары білімдегі көшбасшылық қоры өкілдері, қамқоршылық кеңестерінің қазіргі төрағалары және басқару кеңестірінің мүшелері: халықаралық жобалар директоры, Дэвид Локк, халықаралық кеңесші, бірнеше елдегі университеттер ректорларын оқыту бағдарламасының директоры, профессор Джон Дэвис, – Жоғары білімдегі көшбасшылық қоры, АҚШ-тағы жоғары білім альянсы төрағасы, Пенсильвания университеті профессоры- Роберт Земски және халықаралық деңгейдегі басқа сарапшылар. 
 

apkecm.nu.edu.041213

Ректор Аскар Мырзахметов А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті бақылау кеңесінің жұмысы туралы пікірімен бөлісуде
 
Қазақстандағы жоғары білім жүйесінің жаңа түрақты экономикалық және саяси жағдайына сәйкес одан әрі дамуында Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі және Британдық  жоғары білімдегі көшбасшылық қоры бірлесіп дайындаған бұл бағдарлама маңызды жобалардың бірі болып саналады. 
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің 3 жылға есептелген білім саласының басқарушылары және мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жобасы аясында 300 жоғары оқу орындарының әр түрлі деңейдегі әкімгерлердің біліктілігін көтеру жүзеге асырылады.