Назарбаев Университетінде жаңа оқу жылында студенттердің оқуға түсуі және алынуы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті
2014-2015 оқу жылында университет алдындағы дайындық бағдарламасына конкурсқа қатысу үшін 3 362 талапкер тіркелді, олардың ішінде 771 адам оқуға түсудің ең төменгі талаптарын орындады, яғни Университетке түсу емтихандарын ойдағыдай тапсырды және академиялық үлгерімдерін растады. Қорытындысында жоғарыда аталған бағдарлама бойынша 548 талапкер оқуды бастады, бұл тіркелген талапкерлердің 16,3%-ын құрайды. 2010-2012 жылдармен салыстырғанда оқуға түсудің ең төменгі талаптарын ойдағыдай орындаған талапкерлердің саны орташа алғанда 250 адамға артық.Назарбаев Университетінде жаңа оқу жылында студенттердің оқуға түсуі және алынуы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Ғылым және технологиялар мектебіне оқуға алынған студенттердің ең көп саны – 265 адам (48,36%); Инженерия мектебіне – 217 адам (39,60%); Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебіне – 66 адам (12,04%).
Бұдан басқа, биылғы оқу жылында Университеттің бакалавриат бағдарламасына тікелей түсу бойынша конкурс өтті. Қорытындысында тіркелген 248 талапкердің арасынан 91 талапкер конкурстан өтті. Олардың ішінде конкурстық іріктеуден өтіп, Ғылым және технологиялар мектебіне 43 адам (47,25%), Инженерия мектебіне 20 адам (21,98%) және Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебіне – 28 адам (30,77%) оқуға қабылданды.
Оқуға қабылданған студенттер келесі аймақтардан келген: Астана қаласынан – 33 адам, Алматы қаласынан – 13 адам, Шығыс Қазақстан облысынан – 12 адам, Оңтүстік Қазақстан облысынан – 7 адам және Жамбыл облысынан – 6 адам.
2014-2015 академиялық жылы бакалавриат бағдарламасына тікелей түсу бойынша конкурста мектептер рейтингіне О. Жәутіков атындағы РМФММИ кірді – 12 адам, Астана қаласының НЗМ – 9 адам, Семей қаласының НЗМ – 6 адам, Өскемен қаласының НЗМ – 6 адам, Астана қаласының қыз балаларға арналған Қазақ-түрік лицейі – 6 адам және Тараз қаласының Қазақ-түрік лицейі – 6 адам.
2014-2015 оқу жылында 6 жаңа магистрлік бағдарлама (биологиялық ғылымдар магистрі; инженерлік менеджмент магистрі; саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі; еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі; көптілдік білім саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі; Full –Time MBА (бизнес әкімшілендіру бойынша магистратура) және 1 докторлық бағдарлама (ғылым және инженерия саласындағы философия докторы) ашылды. Осылайша, қазіргі уақытта Университетте 9 магистрлік және 2 докторлық бағдарламалар бойынша оқыту жүргізілуде. Биылғы жылы Университеттің магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу бойынша конкурсқа 618 талапкер қатысты, олардың ішінде магистратураға 215 адам және докторантураға 37 адам оқуға қабылданды.
Оқуға қабылданған магистранттар мен докторанттардың ең көп саны Жоғары білім беру мектебінде оқуға кірісті – 105 магистрант және 11 докторант; Инженерия мектебінде – 25 магистрант және 26 докторант; Бизнес мектебінде (Full –Time MBA) – 32 магистрант.
Магистратура және докторантураға оқуға қабылданған студенттердің көпшілігі Астана (57%) және Алматы (16%) қалаларынан, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан (8%), Қарағанды (5%) және Ақтөбе (5%), облыстарынан келген.
2014-2015 оқу жылында магистратура және докторантура бойынша бағдарламалардың тыңдаушылары арасында жоғары және орта білім беру орындарының, мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың қызметкерлері, сондай-ақ жеке ұйымдардың мамандары бар.
Биылғы жылы Университеттің магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу бойынша конкурсқа АҚШ, ҚХР, РФ, Украина, Армения, Әзербайжан, Үндістан, Түркия, Сингапур, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Пәкістан және басқа да елдерден шетелдік үміткерлер қатысты. Оқуға алынған магистранттардың арасында 2 шетелдік студент – Қытай Халық Республикасының азаматшасы және Өзбекстан Республикасының азаматы, сондай-ақ Моңғолиядан «оралман» деген мәртебесі бар студент бар.