Назарбаев Университеті мен Carl Zeiss AG (Германия) концерні стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
2014 жылғы 11 қыркүйекте сағат Назарбаев Университеті мен Carl Zeiss AG концерні (Германия) және Carl Zeiss концернінің Қазақстандағы өкілі ОПТЭК кампаниясының арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
Келісімге Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, Carl Zeiss AG директорлар кеңесінің мүшесі Томас Шпитценфайль және ОПТЭК компаниясының басшысы Максим Игельник қол қойды.
Келісімнің шеңберінде Назарбаев Университеті базасында (бұдан әрі – Университет) микроскопия бойынша бірлескен құзырет орталығын құру көзделіп отыр, ол атап айтқанда биология және биоинженерия, физика, химия, медицина және медициналық технологиялар, нанотехнологиялар, материалтану, микроскопия және нанотомография бағыттары бойынша инновациялар саласындағы тәжірибе мен білім алмасу үшін негіз болып табылады.
Ынтымақтастық шеңберінде тәжірибе алмасу мақсатында Назарбаев Университетінің ғалымдарында озық Carl Zeiss жабдықтарын пайдаланатын алдыңғы қатарлы халықаралық ғылыми орталықтарға баруға мүмкіндіктері болады. Сондай-ақ Университет базасында жаңа зерттеу жабдығын сынақтан өткізу көзделіп отыр, ал қызметкерлер жаңа жоғары технологиялық жабдықты қолдану жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге қатыса алады.
Бұдан басқа, келісімге қол қою барысында стратегиялық сессия болды, мұнда Carl Zeiss Microscopy әлемдік технологиялық жетістіктер туралы таныстырылыммен доктор Питер Гнаук (Германия) шықты, ал Университеттің мүмкіндіктерін Назарбаев Университеті NURIS микроскопия зертханасының жетекшісі Алексей Волков көрсетті.
Университет зертханаларында Carl Zeiss компаниясының заманауи жабдықтары, оның ішінде зерттеу жарығы бар ZEISS Axio Observer және Axio Imager микроскоптары мен лазерлі сканерлеуші ZEISS LSM 780 микроскопы ойдағыдай жұмыс істеп тұр және оларға қызмет көрсетілетінін естеріңізге саламыз.