24/7 барлығы үшін

Назарбаев Университетінің жүрегі қайда екенін білесіз бе? Кампуста студенттердің ең сүйікті және баратын орны қандай? Қай жерде тек білім алуға ғана емес, демалуға, күш жинауға, бой сергітуге, тіпті ұйықтауға да болады? Ата-аналар балаларымен бірге қайда келіп, кітап оқып, тыныш жұмыс істей алады? Әрине, бұл – Университет кітапханасы, университеттің академиялық және қоғамдық өмірінің орталығы.

Барлық ресурстар 

“Кітапхана – Назарбаев Университетінің мақтанышы. 2010 жылдың қыркүйегінде біз нөлден бастадық. Қазіргі таңда кітапхана қоры 200 мыңнан астам сақтау бірліктерін құрайды, соның ішінде университеттің оқытушылар, оқу және зерттеу қоғамдастығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жинақталған баспа кітаптары, электрондық кітаптар, мультимедиялық материалдар мен микроформалар. Сонымен қатар, кітапхана қорында электронды журналдар, магистрлік диссертациялар, газеттер, үкіметтік құжаттар бар. Кітапхана коллекциясының едәуір бөлігін электрондық қол қойылатын академиялық деректер қоры құрайды. Сондай-ақ, қызметкерлер Қазақстан тарихы, мәдениеті және қазақ тілі бойынша ұлттық коллекцияны дамытуда. Өткен жылы кітапханада Korea Foundation көмегімен Корея бұрышы ашылды” – дейді пайдаланушыларға қызмет көрсетуші менеджер Марина Пояркова. 

Бүгін кітапханада 1300-ден астам жұмыс орнына есептелген тоғыз оқу залы (балкондағы және Медицина мектебіндегі оқу аймағын қосқанда) және 280-ден астам компьютер бар, үш компьютерлік сынып жұмыс істейді. Бұған қоса, студенттер, оқытушылар мен қызметкерлердің иелігінде топтық жобаларға арналған сегіз бөлме, оның ішінде үш инновациялық оқу кабинеті, жиырма жеті жеке кабинет және үлкен конференц-зал бар. Кітапханада Академиялық хат орталығы, деректерді визуализациялау зертханасы, бейнежазба бөлмесі, инновациялық оқыту/педагогикалық инновация аудиториясы және лингафондық кабинет жұмыс істейді. 

Бұл ретте, Media room, Science room, Comp Lab, Astana room, Aliya room, Quiet room, Culture room, School of Medicine – Reading room залдары 24/7 ашық және кітапхана пайдаланушыларын қабылдауға әрқашан дайын.

Кітапхана қызметкерлері өз пайдаланушыларын кітапхана қорындағы жаңалықтар және көрсетілетін қызметтердегі өзгерістер туралы уақтылы хабардар етуге тырысады. Студенттер мен зерттеушілерге қандай да бір тақырып бойынша әдебиетті қалай және қайдан іздеу, қандай ақпараттық ресурстарды және т.б. пайдалану қажет екендігін үйретеді. Кітапхана қызметі тек жеке өтініш білдіргенде ғана емес, сондай-ақ телефон, электронды хат алмасу, кітапхана сайтындағы арнайы чаттар арқылы ұсынылады. Әр мектепке пәндік кітапханашылар бекітілген, олар университет студенттерімен және оқытушыларымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұдан басқа, пәндік кітапханашылар мен сарапшылар кітапхана сайтында орналастырылатын арнайы т.б. либгайдтар (кітапханалық басшылыққа алынатын Нұсқаулық) әзірлейді. 

Кітапхана Scopus, Bloomberg, Cambridge University Press, Oxford University Press, The Economist және т. б. сияқты 200-ден астам электрондық қол қойылатын дерекқорға қолжетімділікті ұсынады. Егер ол жеткізіксіз болып, студент немесе оқытушы кітапхананың қолжетімді ресурстары арасында өзіне қажеттісін таба алмаса, ол әріптес университеттердің кітапхана қорлары арқылы мақалаға тапсырыс бере алады. 2020 жылы Назарбаев Университетінің қоғамдастығы университет оқытушыларының, ғылыми қызметкерлері мен студенттерінің жарияланған мақалалары мен диссертацияларына ашық қолжетімділік саясатының күшіне енуін күтуде. Ғылыми репозиторий – бұл Назарбаев Университетінің академиялық қоғамдастығының ғылыми зерттеулер нәтижелері мен зияткерлік меншік өнімдеріне ұзақ мерзімді және сенімді ашық қолжетімділікті сақтау, жинақтау және қамтамасыз ету үшін Назарбаев Университетінің институционалдық электрондық мұрағаты. 

Әркімге қолжетімді

Жыл сайын кітапхана студенттер үшін Library Roadshow (кітапхана көрмесі) – жыл сайын қыркүйек айында өтетін дәстүрлі шараны өткізеді. Бұл күні студенттердің кітапханашылармен кездесуге, түрлі ойындар мен конкурстарға қатысуға, жүлделер ұтып алуға мүмкіндігі бар.

Стресс деңгейін төмендету үшін, студенттер инновациялық релакс-бөлмеде демалуға және ұйықтауға арналған аймақтары бар, ал аздап бой сергіту үшін кітапхананың оқу залдарында орналасқан фитболдарды пайдалана алады. Сессиялар кезеңінде кітапханада балаларға арнайы бөлінген орындар безендірілген. Бұл жерлерде студенттер сурет салады, мүсіндеумен айналысады, кесте тігеді, жалпы, сабақ оқуға да, демалуға да қолайлы. Сонымен қатар, университет кітапханасында балалар оқу залы бар, онда оқытушылар мен студенттер балаларымен бірге кітап оқи алады немесе оларды осы жерге белгіленген уақытқа қалдырып, өз зерттеулерімен айналыса алады. 

Сондай-ақ, кітапхана барлық білім алушылар, мүмкіншіліктері ерекше оқырмандар, соның ішінде көру қабілеті нашар студенттер үшін жағдай жасай отырып, инклюзивті кітапхана болуға тырысады. Мұнда нашар көретін адамдар үшін қажетті әдебиетті, материалдарды тауып, оқумен және ғылыммен қатар шұғылдануға мүмкіндік беретін, арнайы аппаратура бар. Арнайы бөлінген аудиторияда мәтіндер мен графиктерге арналған брайль принтерлер, сондай-ақ арнайы қамтамасыз ету бағдарламасы орнатылған. 

Кітапхана аудиториялары ешқашан бос қалмайды. Олар студенттер, қызметкерлер және шақырылған қонақтар ұйымдастыратын іс-шараларды өткізу үшін арнайы жабдықталған.

Пікірталас және ынтымақтастық үшін 

Сондай-ақ, НУ кітапханасы “тірі кітапхана” сияқты тақырыптық іс-шаралар мен Қазақстандағы инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты маңызды кітаптардың тұсаукесерлерін үнемі өткізеді. Осылайша, мысалы, 2018 жылдың маусым айында қазақстандық журналист, Esquire Kazakhstan колумнисі Гүлнара Бажкенова мұнда инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін, қатардағы мұғалімдер мен тәлімгерлердің күнделікті байқалмайтын жұмысы туралы «Тек тым артық деп айтпаңыз» атты өзінің жаңа кітабын ұсынды. 

Жыл сайын қазан айының соңында кітапхана кез келген адам қатыса алатын ашық қолжетімділіктің халықаралық апталығын өткізеді. Аталған іс-шараның мақсаты – білімге еркін қол жеткізу және ғылыми тәжірибе алмасу сияқты идеяларды алға жылжыту. МНОД бағдарламасында әдетте профессорлардың ашық дәрістері, бірегей баяндамалар, пікірталастар мен пікірсайыстар, фильмдерді қарау және талқылау ұсынылған.

Кітапхана технологиялары мектебі аясында Назарбаев Университетінің кітапханасы Қазақстан өңірлері кітапханаларының қызметкерлері үшін үнемі оқыту семинарлары мен тренингтер өткізеді. Осындай семинарларды өткізу – бұл Назарбаев Университеті кітапханасының тәжірибесін тарату амалдарының бірі. 2018 жылдың қаңтар айында Назарбаев Университетінің кітапханасы MediaNet және IREX Europe халықаралық журналистика орталығымен бірлесе отырып, Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының қолдауымен “Медиа және ақпараттық сауаттылық” атты семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг кітапханашылар үшін ақпараттық және медиограммаларда олар туралы ақпараттандыруды арттыру, оны кітапханаларда және кітапхана пайдаланушыларының қоғамдастықтарында ілгерілету; БАҚ, интернет-қауіпсіздік туралы білімді нығайту; әріптестеріне алған білімдері мен дағдыларын одан әрі тарату үшін БАҚ мазмұнын талдау және сыни тұрғыда ойлау дағдыларын үйрету мақсатында ұйымдастырылды. 

Ағымдағы жылдың шілде айында Назарбаев Университетінің Пресс-офисі ұйымдастырған ғылыми журналистика және инновация жөніндегі семинар аясында кітапхана қызметкерлері қазақстандық БАҚ өкілдері үшін ғалымның ғылыми зерттеулері мен беделді рейтингісін бағалау іс-шараларын өткізді. 

Жыл сайын жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумын өткізу аясында кітапхана басқа елдердегі әріптестерімен кітапхана ісіндегі идеялармен және трендтермен алмасу алаңына айналып, ЖОО кітапханаларына арналған халықаралық конференция өткізеді. 2019 жылы конференцияға 16 елден 136 адам қатысты.