Назарбаев Университеті студенттерінің 2021 жылғы жетістіктері

2021 жыл Назарбаев Университетінің студенттері үшін жемісті және табысты жыл болды. Студенттер осы жылы жаңа биіктерге көтеріліп, осы жылы көптеген жетістіктерге жетті. Біз студенттерімізді шын жүректен құттықтап, барлықтарыңызға NU студенттерінің 2021 жылғы жетістіктерін тағы бір рет мәрте еске салғымыз келеді.

 

НУ студенттері iGEM жаһандық байқауында алтын медаль жеңіп алды

Назарбаев Университетінің студенттерінен құрылған iGEM Қазақстан командасы Халықаралық генетикалық инженерлік машина (iGEM) байқауында алтын медаль жеңіп алды. iGEM ​​байқауы  – синтетикалық биология саласы бойынша жыл сайынғы халықаралық ауқымды іс-шара.

Назарбаев Университетінің бұл топ құрамы iGEM топтарының тарихында алғаш рет көптеген марапаттарға, соның ішінде ең жақсы экологиялық жобаға арналған Track Award және үш арнайы марапатқа – «Best Wiki, Best Inclusivity, және Best Sustainability  номинациясына ие болды. Сонымен қатар, 255 бакалавриат топтарының арасында жылдың үздік 10 жобасының қатарына енді.

 

НУ студенттері электрохимиялық материалтану бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары атанды

НУ тобы химия және химиялық технология бойынша XI Бірімжанов атындағы халықаралық конгресс аясында ұйымдастырылған электрохимиялық материалтану бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды.

«Иондар» деп аталатын НУ тобының құрамында магистратура студенттері Әсел Серікқазиева, Еркежан Еркінбекова, Ақтілек Ахметова және PhD студенті Нұрбол Толғанбек болды. 

Топтың барлық мүшелері профессор Бәкеновтың жетекшілігімен Назарбаев Университетіндегі “Батарея тобының” жобаларында зерттеумен айналысады және НУ SEDS “Химиялық Инженерия және материалтану” магистратура және докторантура бағдарламасының студенттері болып табылады.

 

Бағлан Жаркенов NASA жаһандық ғарыш мектебінде тағылымдамадан өтті

NU SEDS 1 курс студенті Бағлан Жаркенов NASA Ғаламдық ғарыш мектебінде тағылымдамадан өтті. Covid-19 жағдайына байланысты білім беру сабақтары онлайн форматта өткізілді.

 

Әсем Әшімова – “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Әсем Әшімова, NU SEDS PhD студенті, “Ғылым” номинациясы бойынша “Дарын “мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. Бұл сыйлық ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметі, сондай-ақ спорттағы жетістіктері үшін дарынды жастарды қолдауға бағытталған. Ол 2017 жылдан бастап жыл сайын 10 номинация бойынша беріледі: әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, сахна өнері, халық шығармашылығы.

 

Валдемир Ким – жас нефрологтар арасында “Үздік аннотация” номинациясының жеңімпазы

 

NUSOM 4 курс студенті Валдемир Ким жыл сайын Қазақстан нефрологтар қоғамы ұйымдастыратын нефрологтардың ұлттық конгресінде “Үздік аннотация” номинациясын алды. Осы конгресс аясында жас зерттеушілер өздерінің зерттеулерінің аннотацияларын ұсынады. Валдемир бүйрек терапиясынан кейін бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы бар пациенттердің өмір сүруіне әсер ететін әртүрлі факторларды зерттейтін жұмысын ұсынып,оның жұмысы жас нефрологт мамандары арасында ең үздік болып атанды.

 

NU GSPP магистрлері NASPAA-Batten 2021 компьютерлік симуляторы негізіндегі халықаралық конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары болды

NU GSPP магистрлері Жанель Сембаева (төртінші орын) және Мади Ханафия (бесінші орын) NASPAA-Batten 2021 компьютерлік симуляторы негізінде дағдарысқа қарсы мемлекеттік шешімдерді қабылдау конкурсында өңірлік жеңімпаздар командаларының құрамында жеңіске жетті.

Виртуалды конкурс үстіміздегі жылдың 27 ақпанынан 6 наурызына дейін Мемлекеттік басқару саласындағы білім беру жөніндегі халықарылық қауымдастық (NASPAA) Вирджиниядағы Фрэнк Баттен университетінің модельдеу және көшбасшылық орталығымен (АҚШ) әріптестікте өткізілді.

 

Жәнібек Сүлеймен – ITEM 2021 халықаралық конференциясының үздік баяндамашысы

NU SEDS студенті Жәнібек Сүлейман Өнеркәсіптік инжиниринг және өнеркәсіптік менеджмент бойынша 2-ші халықаралық конференцияда (IEIM 2021) ауызша презентациясы үшін ерекшелік сертификатымен марапатталды. Industry 4.0 тобының мүшелері Жәнібек Сүлейман, Динара Диханбаева, Сәбит Шайхолла және Али Түркйылмаз 2021 жылғы 8-11 қаңтарда ұйымдастырылған IEIM бойынша 2-ші халықаралық конференцияға қатысты.

 

NU студенттері CSWA және CSWP сертификаттарын алды

NU SEDS профессоры Еркін Әбділдиннің басшылығымен NU-дың 117 студенті SolidWorks (CSWA) сертификатталған серіктестері және 19 SolidWorks (CSWP) сертификатталған мамандары болды. CSWA және CSWP – бұл SolidWorks кәсіби бағдарламалық жасақтамасы, бүкіл әлемде кеңінен қолданылатын 3D CAD пакеті.

 

НУ студенті “Жыл волонтері” атанды

Диляра Бегалықызы, саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы бакалавриаттың үшінші курс студенті және “БҰҰ Моделі” клубының президенті,  БҰҰ волонтерлер бағдарламасының 50 жылдығына орай ұйымдастырылған  “Жыл волонтері” халықаралық байқауында “Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары” марапатына ие болды. 

“Жыл волонтері” – бұл әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын ынталандыруға бағытталған халықаралық сыйлық.  Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша тағайындалды.

 

Артем Давыдов пен Дмитрий Беседин пікірсайыс бойынша ұлттық турнирдің жеңімпаздары атанды

NU SSH студенті Артем Давыдов пен NU GSPP студенті Дмитрий Беседин 2021 жылдың 4-5 желтоқсанында КазГЮУ-да өткен орыс лигасындағы дебаттар бойынша Ұлттық турнирдің жеңімпаздары атанды. Бұл турнирді ұлттық пікірсайыс федерациясы мен Н. Назарбаев қоры ұйымдастырды.

 

Лия Қошқарбаева – каратеден ұлттық чемпионаттың жеңімпазы

Лия Қошқарбаева, NUSOM бірінші курс студенті, Ақтауда өткенҰлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған каратеден ұлттық чемпионаттың жеңімпазы атанды. Ересектер арасында жеке катада Лияға тең келер ешкім болмады.

 

NU SPE тобы  PetroBowl өңірлік іріктеу турнирінің жүлдегері атанды

NU SPE тобы 2021 жылдың 17-18 сәуірінде онлайн ұйымдастырылған PetroBowl аймақтық іріктеу турнирінде екінші орын алды. NU SPE тобы құрамында Бағлан Орынбаевтан (мұнай инженериясы бакалавриатының 3 курс студенті), Алинур Муратова мен Ернар Тиинтаевтан (мұнай инженериясы бакалавриатының 2 курс студенттері), Диас Бекешовтан (Химиялық инженерия студенті) және Адилет Алиевтен команда капитаны ретінде (мұнай инженериясы магистратурасының 1 курс студенті) тұрды.

PetroBowl байқауы – мұнай инженерлері қоғамы арасындағы ең ірі студенттік жарыс. Бүкіл әлемнің SPE студенттік бөлімшелері мұнай өнеркәсібіне қатысты техникалық және техникалық емес сұрақтарға жауап бере отырып, осы викторинаға қатысады.

 

NU GSB студенттері финтех саласындағы Азиялық бизнес-жоспарлар байқауында екінші орын алды

“Қаржы саласындағы ғылым магистрі” бағдарламасының үш студенті Файез Наджиб, Руслан Байтлесовтың және Педро Мантили доктор Том Винаймонттың жетекшілігімен NU GSB тобын құрып, IFTA(Азияның қаржы технологтары институты, Гонконг) ұйымдастырған финтех саласындағы бизнес-жоспарлардың Азиялық конкурсында екінші орын алды.

Топ SatuPal қосымшасын іске қосудың бизнес-жоспарын ұсынды, онда шағын және орта бизнесті сатып алу және сату үшін автоматтандырылған бағалауды сарапшылар жаса5ан бағалармен біріктіруді жоспарлап отыр.

 

NU-ның он екі тобы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға гранттар алды

2021 жылдың 1 қазанында NU әлеуметтік даму қоры Jas Social Impact байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл студенттер, түлектер, НУ қызметкерлері қатарынан әлеуметтік жобалар конкурсына үміткерлер, сондай-ақ әлеуметтік даму қорының өкілдері болды.Жалпы құны 11 млн теңге болатын 12 жоба байқау жеңімпаздары атанды. Толық ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз.

 

NU SSH студенті Алан Темірбай SargytApp қосымшасын жасады.

NU SSH үшінші курс студенті Ален Темірбай SarqytApp мобильді қосымшасын жасады, онда пайдаланушылар жарамдылық мерзімі шектеулі тауарларды жеңілдікпен сатып ала алады. Ол қазірдің өзінде 15 компаниямен ынтымақтастықты бастады.

 

NU SEDS командасы-Student Energy Challenge-2021 республикалық байқауының жеңімпаздары

NU SEDS тобы KAZENERGY қауымдастығы мен Shell  компаниясының қолдауымен ұйымдастырған Student Energy Challenge-2021 республикалық байқауының жеңімпазы болды. PowerХ тобында “Электротехника және есептеу техникасы” мамандығының 3 курс студенттері Әли Алмағанбет, Руслан Молдағазыев, Досжан Жұмабек, Нұрлыбек Каттабаев болды. Жобаның жетекшісі Технопарк инженері, ғылыми қызметкері – Айдар Әлімбаев.

“Student Energy Challenge” – энергетикалық мәселелерді шешу үшін жобалар мен инновациялық идеяларды ұсынатын Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы жыл сайынғы зияткерлік жарыс.

 

Адема Ерғара Google Generation 2021 стипендиаты болды

Адема Ерғара, NU SEDS үшінші курс студенті, Generation Google 2021 стипендиаты болды. Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша барлығы 20 қыз таңдалды.

Бұл стипендия қыздар арасында компьютерлік технология бойынша жетістікке жетуге және осы салада көшбасшы болуға көмектесуге бағытталған. Таңдалған студенттер 2022-2022 оқу жылы үшін 700 евро сыйлық алады.

 

НУ студенттері Президент грантын жеңіп алды

Елбасының «Ақорда» резиденциясында Назарбаев Университетінің студенттеріне «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табыс етілді. NU SSH 3-ші курс студенті Арсен Оразбек, NU GSB магистрі Гаухар Жакажанова және NU SEDS магистранты Ермек Маргулан  «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алды. Жеңімпаздардың әр жобасына 3 миллион теңге қаражат бөлінеді. 

«Ғылым» номинациясында NU Kazakhstan iGEM 2021 командасының өкілі Арсен Оразбек пен оның әріптестері жеңіске жетті. 

«Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша екі грант Магистр Гаухар Жакажанова, MBA бағдарламасының түлегі, мен NU SEDS «Инженерлік менеджмент» бағдарламасының 2-ші курс магистранты Марғұлан Ермекке табысталды.

Cтуденттерімізді шын жүректен құттықтаймыз және олардың ғылымда өркендеп дамуына тілектеспіз!