AIX және Назарбаев Университеті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Тараптар тау-кен өнеркәсібі ресурстарының тізілімін және әлеуетті эмитенттер үшін листинг критерийлерін құру арқылы AIX-те шағын және орта бизнестің тау-кен компаниялары листингін ілгерілету мақсатында ынтымақтасуға ниетті. Бұдан басқа, НУ ЖБМ базасында нақты уақыт режимінде нарықтардағы процестерді визуалдау және маркетингтік деректерді жинау терминалдарын қосу мүмкіндігі бар оқытуға арналған сауда платформасын әзірлеу көзделіп отыр.
AIX және НУ студенттері университеттік орта үшін де, сонымен қатар AIX үшін де өзекті болатын бірлескен зерттеулер жүргізеді және шектес капитал нарықтары, құнды қағаздар құру, шикізат нарықтары, нарықтың өтімділігі және орнықты даму сияқты әртүрлі бағыттарды қамтиды. Сондай-ақ студенттердің магистр дәрежесін алу бойынша дипломдық жұмыстары үшін ақпараттық қолдау алу және AIX-те тағылымдамадан өті бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі болады.
Профессор, доктор Патрик Дюпарк, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің деканы былай деп атап өтті: «Назарбаев Университеті Astana International Exchange компаниясымен әріптестік қарым-қатынас орнатып, ынтымақтасып жатқанына өте қуанышты. Қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум НУ түрлі мектептеріне AIX-пен бірге нарықтарға қол жеткізе отырып, университеттің ноу-хауын біріктіретін жобалар, AIX генерациялайтын аналитикалық мәліметтер мен деректер бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді».
AIX төрағасы Ренат Бектұровтың пікірінше Қазақстандағы беделді ұйымдар ретінде бизнес пен ғылым арасындағы ынтымақтастық ел үшін инновация көзі ретінде елеулі пайда әкелуі мүмкін. «Бірлескен жұмыс сала үшін пайдалы деректер құруда, жаңа өнімдер әзірлеу мен қолданбалы зерттеулер жүргізуде екі тараптың интеллектуалдық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді», – деді ол.

