«Kazakhstan Startup Pitch Day» онлайн питч сессиясы өтті
2021 жылғы 13 шілдеде ROTOBO жапондық қауымдастығымен бірлесіп, NURIS Инновациялық кластері ұйымдастырған “Kazakhstan Startup Pitch Day” онлайн питч сессиясы өтті. Іс-шараның мақсаты – Назарбаев Университеті инновациялық кластері бағдарламалары түлектерінің стартап-жобаларын сыртқы нарыққа шығару бойынша шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту.Онлайн питч сессиясының шеңберінде алты перспективті стартап-жобалардың негізін қалаушылар Live режимінде инвесторларға өздерінің инновациялық шешімдері туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. “Kazakhstan Startup Pitch Day” онлайн питч сессиясында мынадай жобалар таныстырылды:.
Teacherslab – авторлық оқыту материалдарын сатуға және сатып алуға мүмкіндік беретін, мұғалімдерге арналған маркетплейс.
Okoo – оқытуды дербестендіру үшін жасанды интеллектпен бағдарламалау жөніндегі интерактивті онлайн-білім беру платформасы.
Optoculus – күрделі объектілердің шекарасын қорғау және мониторинг жүйесі.
Emotion – қатысушылармен барынша тиімді қарым-қатынас жасау және қолдау арқылы әртүрлі тақырыптық «шақыруларға» қатыса отырып, пайдаланушыларды мақсаттары мен мүдделері бойынша біріктіретін онлайн-платформа.
Opusplace – офисті басқарудың бірыңғай платформасы: офистік тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден бизнестік кез келген қажеттіліктеріне дейін.
HCF – көмірді арзан, экологиялық таза әрі газ бен көмірге қарағанда энергетикалық құндылығы жоғары, сұйық гидрогенделген отынға ауыстыру.
2021 жылғы 19-23 шілде аралығында жапондық инвесторлар мен компаниялардың қызығушылығын тудырған стартап-жобалар арнайы іскерлік кездесуде одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігін талқылайды.
Kazakhstan Startup Pitch Day Ресей, ТМД және Жапонияның IT саласындағы өзара іс-қимылын қолдайтын бірегей платформасы болып табылатын SAMI компаниясының көмегімен өткізілді.