Берклидегі Калифорния университетінің ғалымдары гамма-сәулелік ұшқындарын сәтті болжады

Назарбаев Университеті  мен Берклидегі Калифорния университетінің Энергетикалық ғарыш зертханасының зерттеушілері жұмсақ гамма репитері деп аталатын, сирек кездесетін астрофизикалық көзден сәулелік ұшқындарды сәтті болжады.

Михаил Денисен, Брюс Гроссан және Эрик Линдер гамма-сәулелік ұшқындардың ерекше жағдайын (ғарыштық энергия шығарындыларын) тапты. Ғалымдар ұшқындар төрт ай уақыт аралығында кездейсоқ түрде болатынын, содан кейін үш ай белсенді болмайтындығын анықтады. Бұл жағдай қайта-қайта қайталанады. Ол зерттеушілерге гамма-сәулелік  ұшқындардың жиілігін есептеп қана қоймай, аспанды бақылау арқылы өз теориясын тексеруге мүмкіндік берді.

“Қазіргі сәтке дейін біз 2014 жылдан бастап он кезеңдей қадағаладық және бұл мерзімде терезе режимінің кездейсоқ болу ықтималдығы 10 000-нан 3 – ке тең”, – деп түсіндірді Берклидегі Лоуренс ұлттық зертханасының  “Тың құбылыстар космологиясы” жобасының мүшесі және Энергетикалық ғарыш зертханасының деректер теориясы мен талдау бөлімінің бастығы Эрик Линдер.

Мен үшін ең қызықтысы  – аспанды бақылап, болжамдар жасау, оларды тексеріп отыру. Біз нақты және кездейсоқ заңдылықтардың компьютерлік симуляциясын жасадық және олар бізге ұшқындарын шашатынын  анықтадық”, – деп қорытындылады Михаил Денисения, Энергетикалық ғарыш зертханасының ғылыми қызметкері.

Ғалымдар 2021 жылдың 1-маусымынан 7-қазанына дейін байқауға болатын оннан астам гамма-сәулелік ұшқындарды болжай алды. Бұл деректерді Халықаралық обсерваториялар, соның ішінде Fermi Gamma ray және Konus-Wind ғарыштық телескоптары растайды. Авторлар олардың ашылуы осы қызықты құбылыстарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді деп үміттенеді.

Назарбаев Университетінің Энергетикалық ғарыш зертханасын (ЭКЛ) 2015 жылы Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смут ашқан болатын. Зертхана мүшелері бүкіл әлемнің пайда болуы мен эволюциясын қоса алғанда, ғарыш аймағының терең құпияларын зерттеумен айналысады.