NU Step to PhD: Асхат Мыңгбай

NU Step to PhD айдарындағы біздің жаңа кейіпкеріміз – Асхат Мыңгбай, биология ғылымдарының докторы. Бала кезінен Асхат дәрігер болуды немесе медицина саласында ғылыммен айналысуды армандаған. Асхат Ұлыбританияда биомедицина бакалавры дәрежесін алды, Гумилев атындағы ЕҰУ магистратурасын бітірді және 2016 жылы НУ докторантурасына түсті. Қазір Асхат постдокторант болып жұмыс істейді және қатерлі ісік ауруларын диагностикалаумен айналысады.

Асхат, ғылыми зерттеулеріңіз туралы айтып беріңізші

Менің докторлық зерттеуім ревматоидты артритті диагностикалау  маркерін табуға арналды. Мен CTHRC1 ақуызын қарастырдым, алдын-ала мәліметтер бойынша, тышқан үлгілерін зерттеу тізе буындарында осы ақуыздың жоғары шоғырлануын көрсетті. Сондықтан біз ревматоидты артрит, остеоартрит, реактивті артрит сияқты диагноздары бар пациенттерден жинаған адам биоматериалдарына тәжірибе жасай бастадық. Біз сондай-ақ дені сау еріктілерді зерттедік. Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде біз Q1 журналдарында 2 ғылыми мақала және 1 шолу мақаласын жарияладық. Сондай-ақ, біз бұл ақуыз ревматоидты артрит патогенезіндегі негізгі агенттердің бірі екенін және диагноз қою үшін де, аурудың барысын бақылау үшін де маркер бола алатындығын дәлелдедік. Мен өз міндетімді аяқтадым, бірақ осы тақырып бойынша зерттеуді жалғастырып, осы ақуыздың жасушалық деңгейде әрекеттесу механизмін зерттеу керек. 

Сіздің зерттеуіңіз пациенттерге қалай көмектесе алады? 

Бұл жұмыс өте маңызды, өйткені ол аурудың патогенезін тереңірек түсінуге және ревматоидты артритпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта осы жұмысты жалғастыру үшін грантқа тапсырыс бергім келеді. Жақын болашақта мен мұны істеймін.

Сіздің зерттеуіңізге кім көмектесті?

Менің алғашқы жетекшім – профессор Вячеслав Адаричевке ұлкен алғысымды білдіргім келеді. Ол маған көптеген пайдалы кеңестер берді, көп нәрсені үйретті. Англияға сапарымды қаржыландырған мектепке үлкен рахмет, бұл менің жобамның бір бөлігін жетекші фармацевтикалық компаниялардың бірі – GSK (GlaxoSmithKline) жасауға мүмкіндік берді. 

Сіз қазір не істеп жатырсыз?

Мен қазір Назарбаев Университетінде постдокторантпын. Профессор Иван Воробьевпен бірге біз қатерлі ісік ауруларын, атап айтқанда лимфоманы диагностикалау процесін жеделдететін жоба бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жоба сәтті аяқталғаннан кейін мен өз жобам туралы ойлана аламын деп ойлаймын.

Болашақ докторанттарға не айтар едіңіз? 

Мен болашақ докторанттарға ғылыммен айналысуға және әрқашан қызығушылық танытуға кеңес берер едім. Мен өмір қысқа деп айтқым келеді, сондықтан ғылыммен айналысыңыз. Бұл миллиардтаған адамдарға пайда әкелуі мүмкін және сіз өзіңізден кейін із қалдырасыз.