“Біз ғылыми әлемде өзіміз туралы күн тәртібін қалыптастыруымыз керек”

Бүгінгі сұхбаттасушымыз – Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде докторантура бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны сәтті қорғаған Бақытжан Құрманов. 2017 жылы Бақытжан ЖМСМ-ның алғашқы студент-докторанттарының бірі болды. Докторантураға түскенге дейін Бақытжан министрліктер жанындағы түрлі квазимемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген. Сондай-ақ, Канадада “Болашақ” бағдарламасы бойынша оқыған кезінде ол Онтарио провинциясындағы Экономикалық даму министрлігінде практикант болып жұмыс істей алды. Сонымен қатар, Бақытжан БҰҰ даму бағдарламасы жобасының менеджері болып жұмыс істеді. Бақытжан ғылыми зерттеулер – кез келген салаға жүйелі өзгерістер енгізудің жолы деп есептейді.

  1. Сіздің диссертациялық зерттеуіңіз қандай тақырыпты зерттеуге арналды?

Мен Орталық Азия елдерінде ашық үкімет тұжырымдамасын енгізу қалай өткенін зерделедім. Жұмыстың негізгі зерттеу мәселесі біздің өңірде осы реформаның бейімделуін анықтайтын және қалыптастыратын негізгі уәждерді зерттеу болды. Біз кеңестен кейінгі барлық 5 елде 67 терең сұхбат және бірнеше фокус-топтар өткіздік. Бұл зерттеу осы саладағы алғашқы аймақаралық жүйелі зерттеулердің бірі болып табылады. Қандай да бір себептермен осы тақырып бойынша байыпты ғылыми жұмыстарды шетелдік зерттеушілер жиі жариялайды, ал жергілікті зерттеулер өте аз. Сондықтан мен Орталық Азияның академиялық қоғамдастығын жергілікті деңгейде ғана емес, жаһандық деңгейде де қолдау қажет деп ойлаймын. Және өздері туралы ғылыми әлемде күн тәртібін өздері қалыптастыруы керек.

Ашық үкімет туралы деректерді жинай отырып, мен өңірдегі транзиттік режимдердің ашықтығы мен есептілігі қағидаттарын іске асыру жолындағы уәждемелерді, негізгі тақырыптар мен кедергілерді сыни тұрғыдан талдай алдым. Диссертацияда мамандар, сарапшылар және жергілікті басқарушылар үшін Орталық Азия мен Орталық Еуразиядағы мемлекеттік саясат саласында бірқатар практикалық ұсынымдар әзірленді.

Мен өз жұмысымның тақырыбы бойынша Eurasian Studies және Eurasian Geography and Economics сияқты рецензияланатын журналдарда ғылыми мақалалар жарияладым, Еуропадағы NISPACEE конференциясына қатыстым, сондай-ақ Джордж Вашингтон университетінен Орталық Еуразия өңірін зерттеу саласындағы жыл сайынғы конференцияға (Central Eurasian Studies Society) қатысу үшін грант алдым. Сонымен қатар, саяси партияларды дамыту және посткеңестік аймақты Демократияландыру мәселелері бойынша Варшавадағы ЕҚЫҰ жазғы мектебіне баруға шақыру алдым.

Жұмысты жазу барысында мен ғылыми жетекшілерім: профессор Колин Нокс бен Доктор Салтанат Джаненовадан үлкен қолдау таптым. Олардың тәжірибесі мен білімі маған диссертация қорғаудағы жолымды сәтті жеңуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, барлық ЖМСМ-ға тамаша профессорлар мен әкімшілік құрамға өз ризашылығымды білдіргім келеді.

  1. Сіздің жұмысыңызда жасалған қорытындылар алдағы уақытта ҚР-да Ашық үкімет қағидаттарын іс жүзінде енгізуге ықпал ете ала ма?

Егер диссертацияда жасалған тұжырымдардың практикалық мағынасы туралы айтатын болсақ, онда үш негізгі сәтті бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, бұл жұмыс Орталық Азиядағы Ашық Үкімет реформасын зерделеп жатқан алғашқы жұмыс. Осылайша, жұмыста транзиттік режимдердің осы реформаға қалай бейімделетіні, сондай-ақ өңірдің түрлі елдерінің мемлекеттік органдары азаматтардың мемлекеттік саясат мәселелері бойынша белсенділігіне қалай қарайтыны көрсетіледі.

Екіншіден, бұл зерттеу Ашық үкімет реформасының транзиттік режимдерге бейімделуін түсіну саласына жаңа білім алып келеді. Менің жұмысым электрондық үкімет пен ашық деректердің елеулі түрде енгізілуіне қарамастан, біздің өңірдегі елдер осы тұжырымдаманы толық іске асыру үшін әлі де үлкен жолдан өтуге тиіс екенін көрсетіп отыр.

Үшіншіден, осы жұмыстың негізінде мен басқарушылар мен саясаткерлерге ашық үкіметті енгізуді қалай қамтамасыз ету қажеттігі жөнінде бірқатар практикалық ұсынымдар ұсынамын. Атап айтқанда, ашық деректерді енгізумен немесе электрондық үкіметті іске асырумен ғана шектелмей, Ашық үкіметтің барлық құрамдас бөліктерін енгізу қажет. Үкімет нақты мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу кезінде азаматтардың ашық қатысуын және сарапшылар мен белсенділермен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бастамаларды ілгерілетуге назар аударуға тиіс. Бұдан басқа, азаматтар мен белсенділер үшін мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық мониторинг және журналистік зерттеулер жүргізу үшін осы деректерді пайдалануға бағытталған оқыту семинарлары мен басқа да іс-шараларды өткізген орынды. Зерттеу көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір бөлігі ашық үкіметтің құрамдас бөліктерін енгізу талаптарына қарсы болуы мүмкін. Бұл мәселені тиімді шешу осы тұжырымдаманы іске асырудың практикалық мәселелерімен айналысатын жобалық офис құру болуы мүмкін.

  1. Сіздің келесі жоспарларыңыз?

Болашақта мен ашық үкімет, ашық деректер және азаматтардың шешім қабылдауға қатысу қажеттілігі тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отырмын. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, бүгінгі күні өте өзекті мәселе. Ашық үкімет идеяларын іс жүзінде іске асыру үшін жаңа шешімдер мен мүмкіндіктер ұсына отырып, осы саладағы зерттеулерді тереңдету маңызды деп санаймын. Зерттеу қызметін жалғастырумен қатар менің жоспарымда ЖОО – да оқытушылық қызметпен айналысу бар. Мен студенттерге білім таратуға өз үлесімді қосқым келеді. Менің алған дағдыларым мен білімдерім оларды ғылыммен айналысуға және жаңа жетістіктерге шабыттандыруға көмектеседі деп сенемін

4. Болашақ докторанттарға сіздің ұсыныстарыңыз/тілектеріңіз?

Диссертация жазу тауға шығуға ұқсайды. Сен оған барынша ден қойып,  дайындалуың керек. Бұлшық еттердің орнына сізде жақсы әдіснамалық база және зерттеу дағдылары болуы керек. Бірақ ауыр бағытты еңсеру үшін бір дайындық жеткіліксіз. Күшті ерік-жігер мен ақыл-ойды шоғырландыру қажет. Жолда көптеген көтерілуге ауыр тұстар болады, сен ұйқысыз түндермен және ауыр күйзелістермен бетпе-бет келесің. Сіздің алдыңызда диссертация бойынша шешу қажет мыңдаған сұрақтар пайда болады Достарыңыздың, отбасыңыздың және профессорлардың қолдауына ие болсаңыз да, диссертация жазу сіздің жеке сапарыңыз екенін түсіну керек. Және бұдан қорқып керегі жоқ. Егер сіз физикалық, ақыл-ой және рухани тұрғыда  дайын болсаңыз, онда сіз әрқашан соңына дейін жете аласыз.

Ең бастысы: бұл әдемі тау мен бағытты өзіңіз таңдадыңыз, сондықтан сіз өрлеу барысын ұнатуыңыз керек. Сондықтан өте ұзақ уақыт бойы сізді қызықтыратын зерттеу тақырыбын таңдау өте маңызды. Өйткені, біз ғылымға келдік, өйткені біз білімді жақсы көреміз. Ғылымға деген осы сүйіспеншіліктен сіз жаңа білімнің ашылуына келе аласыз және өзіңізді жаңа жағынан аша аласыз. Сондықтан болашақ докторанттарға қызықты әрі табысты саяхат тілеймін!