Central Asia Startup Show өңірдің үздік стартап-жобаларын біріктірді
азарбаев Университетінің инновациялық кластері алаңында (NURIS) Central Asia Startup Show іс-шарасы өтті, ол 9 қаланың және Орталық Азияның 4 елінен 2019 жылдың 50 таңдаулы старт-аптарын біріктіреді.
Іс-шараның қатысушылары мен қонақтары алдында Назарбаев Университетінің инновация жөніндегі Вице-президенті Ерден Құсаин құттықтау сөз сөйлеп, NURIS серіктестеріне Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде инновацияларды дамытуға бағытталған жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтты.
“Кәсіпкерліктің Дүниежүзілік апталығын” атап өте отырып, біз кәсіпкерлік кез келген экономиканың қозғаушы күші болып табылатынын мойындағымыз келеді. Бұл тұрақтылық пен гүлденудің негізі, сондықтан кәсіпкерлікті ынталандыру АҚШ – тың басты басымдығы болып табылады”, – деп атап көрсетті АҚШ елшісі Уильям Мозе мырза өзінің құттықтау сөзінде.
Shell Kazakhstan үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Әсел Ибраева компанияның Назарбаев Университетінің инновациялық кластерімен көпжылдық әріптестігі туралы әңгімелеп, стартаптарға идеяларының нарықта табысты іске асырылуын тіледі.
NURIS бас директоры Айдар Жақыпов АҚШ Елшілігімен, сондай-ақ ABC Incubation, ABC Quick Start және ClimateLaunchpad бірлесіп іске асырылған Tech Central Asia стартаптарын қолдау бағдарламаларының тұсаукесерін өткізді. АВС-I2BF Seed Fund бас директоры Әнуар Сейфуллин стартаптарды дамыту үшін қазақстандық және шетелдік нарықтарда инвестиция алу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Төрт бағдарламаның түлектері Central Asia Startup Show қонақтарына электрондық коммерция, білім беру, HR, агротехника, “таза технологиялар” және өнеркәсіптік индустрия салаларындағы өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды.
Central Asia Startup Show өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, стартаптарды дамыту трендтерін зерттеуге және әлеуетті серіктестермен байланыс орнатуға бағытталған 200-ден астам қатысушыларды жинады. Қонақтар арасында елшіліктер, мемлекеттік және ұлттық компаниялар, коммерциялық құрылымдар, венчурлік қорлар, халықаралық консалтингтік ұйымдар, банктер мен қаржы институттары, кәсіпкер – инноваторлар, ҚР жоғары оқу орындары, бизнес-қауымдастықтар сияқты және т. б. 80 ұйымның өкілдері бар.
АҚШ Елшілігінің, Shell Kazakhstan және NURIS арнайы сыйлықтарымен 7 жоба марапатталды.
Central Asia Startup Show аясында Инновациялық кластер Тәжікстан Мемлекеттік 55 Group бизнес-инкубаторымен, Qazaq Angels ассоциациясымен және GSB Alumni қауымдастығымен ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойды.