Назарбаев Университетінің қызметкері «Елорда жастары сыйлығы-2019» байқауының жеңімпазы атанды
2019 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстанның елордасында 14 пен 29 жас аралығындағы жас таланттардың байқауында 15 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.
Nazarbayev University Library and IT Services аға менеджері Қуаныш Ерсаханов «Ғылым» номинациясында жеңіске қол жеткізді.
Ол бір жылдан бері Назарбаев Университетінде жұмыс істейді, жобалардың веб-аналитикасымен және фронт-энд сайттарды әзірлеумен айналысады, Университеттің халықаралық конференцияларын ұйымдастыруға қатысады, қызметкерлерді оқытады және Университеттің веб-сайттарына техникалық қолдау көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, байқауға 1000-нан астам өтініш келіп түскен. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және атаулы кубоктармен марапатталды.