COVID-19 Қазақстанның электр энергетикасына әсері: НУ зерттеушілерінің пікірі

НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры Питер Хауи мен ЖМСМ PhD студенті Дәулет Ахметовтың “COVID-19 және электр энергетикасының жауабы: Қазақстанның үлгісі” атты мақаласы жаңартылатын энергия көздері, континенттік энергетика, электр энергетикасы, табиғи газ және т. б. сияқты энергетиканың өзекті мәселелері баяндалатын “Знергетикалық форумда” – Халықаралық энергетикалық экономика қауымдастығының тоқсан сайынғы ақпараттық бюллетенінде жарияланды.

Мақалада авторлар ел энергетикасына қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді әсер ететін COVID-19 пандемиясы сияқты, жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайында жұмыс істейтін қазақстандық энергетикана ден қоюдың ерекшеліктерін зерттеді. COVID-19 пандемиясының қысқа мерзімді салдары электрмен жабдықтаудағы ақаулар туралы қандай да бір хабарлама болмаған кезде ең аз жанама әсерлерге ие болса да, бұл сектор экономикалық белсенділіктің тез қысқаруына байланысты сұраныс тарапынан елеулі жанама әсерлерге ие болды. Бұдан басқа, коронавирус пандемиясы энергетикалық сектордағы үкіметтің рөлі, энергетикалық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі және энергия үнемдеу сияқты, дәстүрлі тұжырымдамаларды қайта бағалауға байланысты, әлемдік энергетиканың дамуына ұзақ мерзімді әсер етуі мүмкін.

Коронавирустың өршуіне Қазақстанның электр энергетикасына ден қоюдың қысқа мерзімді айрықша сипаттамаларының бірі энергетикалық инфрақұрылымның екі маңызды басымдықтарын бір мезгілде шешу қажеттілігі болып табылады: 1) өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; және 2) барлық тұтынушыларды сенімді энергиямен қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы басқару мен пайдаланудың электрондық жүйелері Қазақстанда бар кеңес конструкциясының көмір генерациясы басым технологиялардың энергетикадағы физикалық қатысу деңгейін ықтимал төмендетуі мүмкін, цифрландырудың төмен деңгейіне ие, бұл энергетика саласындағы қызметкерлердің көпшілігі тарапынан алыстан жұмыс істеуге кедергі келтіреді. Осылайша, қызметкерлердің вирус жұқтыруымен байланысты электр энергиясын ажыратулар тұрақты электрмен жабдықтауға елеулі қауіп төндіреді және COVID-19 пандемиясы кезінде олардан қалай болса да аулақ болу керек. Авторлар сондай-ақ коронавирустың таралуы нәтижесінде көтерілген сыни мәселе саясаткерлердің, қоғамның да электр қуатының “қоғамдық қажеттілік” екенін мойындайтынын атап өтті. Коронавирус пандемиясы әлем халқының шамамен жартысы бір сәтте бұғатталуына әкелді. Халықтың көпшілігінің өзін-өзі оқшаулауы мен әлеуметтік тәртіптің үйлесіміне электр энергетикасы тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ете алатын жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтаудың COVID -19 пандемиясымен күресі, соның ішінде шұғыл коммуникациялар, ойын-сауық және коронавирустың өршуі кезінде адамдардың әлеуметтік өзара іс-қимылы тұрақты және сенімді электрмен жабдықтауға негізделген цифрлық инфрақұрылымға барынша тәуелді.

Қазақстанның электр энергетикасы үшін COVID-19 пандемиясының ұзақ мерзімді салдары қоғамдық денсаулық сақтаудың коронавирустың таралуын бақылау қабілетіне, экономикалық белсенділікті ынталандыру, карантиндік шараларды және жаһандық экономикалық реакцияны қоғамдық қолдау жөніндегі үкіметтік шараларға байланысты. Коронавирустың өршуі сияқты төтенше жағдай кезінде электрмен жабдықтаудың өсіп келе жатқан мәні және қоғам мен үкіметтің электр қуатын “қоғамдық қажеттілік” ретінде тануы Қазақстанда электр энергетикасы секторын жоспарланған жекешелендірумен кідіртуге әкелуі мүмкін. Нәтижесінде, Қазақстандағы электр энергетикасы секторы бағаны қатаң мемлекеттік реттеуде қалуы мүмкін немесе үкіметтің бағаны бақылауды қолдаудағы және энергия жеткізушіден ажыратудағы рөлін арттыра алады.

Мақала авторлары Қазақстанның энергетикасы COVID-19-дан кейін әлемнің жаңа талаптарына сай болу үшін жылдам әрі тиімді қайта құруларға дайын болуы тиіс деген қорытынды жасайды.

Мақалаға сілтеме: https://www.researchgate.net/publication/341700081_COVID-19_and_the_Power_Industry_Response_the_Case_of_Kazakhstan