ДАМУШЫ НАРЫҚТАР ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫНЫҢ АЯСЫНДА «Central Asia-2050: Unleashing the Region’s Potential» КІТАБІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
2016 жылы 13 қыркүйекте Дамушы нарықтар Еуразиялық форумының аясында «Central Asia-2050: Unleashing the Region’s Potential»кітабінің тұсаукесері болып өтті.
«Central Asia-2050: Unleashing the Region’s Potential» кітабі «Орталық Азияның 2050 жылға дейінгі даму келешегі» зерттеу жұмысы негізінде дайындалған. Бұл зерттеу жұмысы «Назарбаев Университеті» ДБҰ тапсырысы бойынша дамушы нарықтар Форумыныңхалықаралық сарапшылар тобымен және «Ұлттық талдамалық орталық» АҚ жүргізілді.
Кітаптің жазылуына Дүниежүзілік банкінің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша бұрынғы жетекші экономисті Прадип Митра мырза, Дүниежүзілік банкінің халықаралық сарапшысы және кеңесшісі Джон Неллис мырза, сонымен қатар Дж.Хопкинс Университеті Орталық Азия және Кавказ өңірін зерттеу Институтының басшысы С.Фредерик Старр мырза сияқты сарапшылар қатысты.
Кітапта XXI ғасырдың бірінші жартысындағы Орталық Азия елдері экономикаларының даму факторлары мен сценарийлері сипатталған, соның ішінде аймақтың экономикалық даму, энергетикалық сектордың, ауыл шаруашылығының, адами капиталдың дамуы, климаттың өзгеруі, аймақтық бірігу және институционалдық даму мәселелері сияқты салалар қаралған. Зерттеу жұмысының нәтижелері сарапшылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Форум жұмысына «Назарбаев Университеті» ДБҰ президенті Шигео Катсу мырза қатысты. Кітаптың тұсаукесерін кітаптің редакторы, Сентенниал Груп президенті әрі төрағасы Хариндер Коли мырза, Азия даму банкінің бұрынғы басқарушы директоры, дамушы нарықтар Форумының зерттеушісі Раджат Наг мырза, сонымен қатар Дүниежүзілік банкінің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша бұрынғы аймақтық вице-президенті, дамушы нарықтар Форумының аға зерттеушісі Йоханнес Линн мырза жүргізді.
Кітаптың негізгі бөлімдерінің талқылауына Орталық Азия елдерінен, аймақтық және халықаралық ұйымдардан шақырылған сарапшылар қатысты.
Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, каб.1115
+7(7172)709357, 706088, 706089, 708954, 706090
pressa@old.nu.edu.kz, www.nu.edu.kz