Назарбаев Университетінде Astana Business Campus Quick Start акселерациялық бағдарламасы іске қосылды
Astana Business Campus инновациялық кластерінің алаңында бастаушы стартап-компанияларға, өнертапқыштар мен инноваторларға арналған АВС Quick Start акселерациялық бағдарламасы өз жұмысын бастады. Бұл Назарбаев Университеті мен Astana Business Campus инновациялық кластерінің алғашқы акселерациялық бағдарламасы болып табылады. Осы бағдарлама арқылы Қазақстанның жас инноваторлары отандық және шетелдік технологиялық және бизнес сарапшылардың пұлына шығу мүмкіндігін алады.
АВС Quick Start акселерациялық бағдарламасы 12 апта бойы өтеді. Бірінші айда іріктеуден өткен бағдарлама қатысушылары өздерінің жобалары бойынша бизнес-үлгілерді құруға қажетті негізгі дағдыларға ие болуға көңіл бөледі. Бірінші айдың қорытындысы бойынша қатысушылар өз жобаларын әлеуетті инвесторлардың алдында таныстырулары тиіс. Отандық және шетелдік инвесторлармен, бизнес – перілермен және венчурлық қорлармен кездесулер апта сайынғы негізде келесі екі айда өткізілетін болады. Бүкіл бағдарламаның қорытындысы бойынша Demo Day форматында барлық жобалардың көпшілік алдындағы таныстырылымы өтеді, мұнда финалға қатысушылар да белгілі болады. Финалға қатысушылар өз жобаларының таныстырылымдарын халықаралық инвестициялық алаңдарда жасау мүмкіндігіне ие болады деп жоспарланған.
Бағдарламаға қатысушылар ретінде екі-үш адамнан тұратын топтар болуы мүмкін. Топ мүшелерінің жасы 35 жастан аспауы тиіс.
Жобалардың жаһандық нарықтарға бағытталуына байланысты топта ағылшынша сөйлей білетін бір адамның болғаны дұрыс.
Әр топта жұмыс істейтін түптұлға (MVP) болуы тиіс.
Жобалардың жаһандық нарықтарға бағытталуы іріктеу кезінде артықшылық болып есептеледі.
Жобаларда мынадай басым бағыттардың бірі болуы тиіс:
- Биомедицина
- Инфрақұрылым және cleantech
- Әлеуметтікинновациялар
- Білім беру технологиялары
- Fintech
- АТ&mobilе
Бірінші іріктеуде 10 топқа дейін іріктеп алу жоспарланып отыр. Әр іріктеп алынған топ 10 000 АҚШ долларына барабар 3 500 000 теңгеге дейін бастапқы қаржыландыруды алады. Бағдарлама Қазақстанның барлық азаматтарына ашық, Назарбаев Университетінің студенттері үшін бірқатар артықшылықтар қарастырылатын болады. Әлемдік тәжірибеге сүйенер болсақ, акселератор 5 (бес) пайыз мөлшерінде бағдарламаға қатысушылардың жарғылық капиталына енгізіледі. Бұл талап Назарбаев Университеті студенттерінің жобаларына қатысты қолданылмайды.
Қаржыландыру алу үшін Қазақстанда тіркелген заңды тұлғаның болуы қажет.
Бағдарлама Астана қаласында Назарбаев Университетінің Технопаркі алаңында өткізіледі.
Технопаркте түптұлға бойынша жұмыс істеу үшін қажетті жабдық пен жоғары білікті мамандар бар.
Технопарк – бұл нарықтық әлеуеті жоғары жобаларға арналған инновациялық алаң және акселератор. Қазіргі таңда Astana Business Campus сыртқы компанияларға бірқатар коммерциялық қызметтер көрсетуде, сондай-ақ өз резиденттеріне жобаларды қолдау бойынша шаралар кешенін және жоғары сапалы қызметтерді ұсынады.
Назарбаев Университеті базасында акселерациялық бағдарламаны жүргізудің тағы бір артықшылығы – биомедицина, робот техникасы, АТ, энергетика, cleantech сияқты салаларда халықаралық деңгейдегі танымал мамандардың болуы.
Іс-шараға алдын ала тіркелу www.quickstart.kz сайтында жүзеге асырылады.
Сондай-ақ https://www.facebook.com/abcsciencepark ФБ-дегі Astana Business Campus парағындағы анонстарды қарап отыруға болады.
Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, каб.1115
+7(7172)709357, 706088, 706089, 708954, 706090
pressa@old.nu.edu.kz, www.nu.edu.kz