Халықаралық гроссмейстер НУ-да: бір мезгілде шахмат ойыны сеансы
4 наурызда Назарбаев Университетінде университет тарихында тұңғыш рет шахмат бойынша бір мезгілде ойын сеансы өтті.
НУ қауымдастығының өкілдері жоғары деңгейдегі кәсіби маман, халықаралық гроссмейстер, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Дәрмен Сәдуақасовпен бетпе-бет шахмат ойнаудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.
Гроссмейстер 20 ойыншымен бір мезгілде шахмат ойнады, олардың ішінде 14 студент, 3 қызметкер, 2 профессор және 1 бала болды. Сессия 3 сағатқа созылды. Ойын қорытындысы бойынша seds, рофессор Mehdi Torkmahalleh-мен, 3 НУ студентімен – 4 тең нәтиже тіркелді.
Ойынның ең жас қатысушысы – Жоғары білім беру мектебінің ассистент профессоры Mehdi Torkmahalleh-тің ұлы Vitaly Pierre Courtney – 8 жаста. Ол 2 жыл бойы шахматпен шұғылданады. Ойыннан кейін ол өзінің алған әсерлерімен бөлісті, бұл жаңа және толқынысты тәжірибе болды, ойын және сеанстың өзі өте ұнады.
Дәрмен Сәдуақасов іс-шара аяқталған соң сеанстың барлық қатысушыларына жоғары деңгейдегі тамаша ойын көрсеткені үшін, сондай-ақ Назарбаев Университетіне университеттің 10 жылдығы құрметіне арналған аталмыш іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.
“NU-да шахматты жақсы көреді, осында кейбір кәсіби шахматшылар, Қазақстанның чемпиондары мен жүлдегерлері оқыды және жұмыс істеді. Студенттердің, профессорлар мен олардың балаларының қызығушылығы әлі күнге дейін өте жоғары”, – деді ол.
Ойын қорытындысы бойынша сеанстың үш қатысушысына Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі түлектерінің қауымдастығы ұсынған шахмат жиынтықтары сыйға тартылды. Дәрмен Сәдуақасов өзі 3 кандидатураны таңдап алды, олардың қатарында SEDS профессоры Mehdi Torkmahalleh (ең “ауыр” партия), 3 курс студенті Әлен Оразақов (ең қызықты партия және ойынның шауыбылдау мәнеріне), сондай-ақ Victor Pierre Courtney сеанстың ең жас қатысушысы болды.
Ойын алдында Kahoot викторинасы өткізіліп, онда барлық тілек білдірушілер Дәрменнің өмірбаянына және жалпы шахмат тақырыбына байланысты сұрақтарға жауап қайтарды. Викторинаның қорытындысы бойынша ұсынылған сұрақтарға жауап берген таңдаулы қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырылды.