«Мысыр қазыналары» Назарбаев Университетінде
2020 жылдың 27 ақпанынан 5 наурызына дейін Назарбаев Университетінде Мысыр Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы Мәдениет және білім офисі ұйымдастырған «Мысыр қазыналары» мәдени көрмесі өтті.
27 ақпанда өткен көрменің ресми ашылу рәсімінен кейін Мысыр Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары Мәртебелі ханым Манал Елсайед Ехия Эль Шиннави Университет студенттері, профессорлары мен қызметкерлеріне «Мысыр мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар» туралы лекция оқыды.