Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард Назарбаев Университетінде дәріс оқыды

24 мамыр күні Назарбаев Университетінде Халықаралық валюта қорының өкімші-директоры Кристин Лагард ханымның ғаламдық және өңірлік жағдай және Қазақстан, Кавказ бен Орта Азиядағы сын-қатерлер мен  мүмкіндіктер туралы дәрісі өтті.

Өз сөзінде ХВҚ басшысы қазақстандық экономикасын неғұрлым өнімді ету үшін біздің елде реформалардың  жаңа буыны қажет деп атап өтті. Лагард Ұлттық валютаның өзгермелі бағамына көшуін және Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына енуін осындай реформалардың басталуы деп атады.

Сарапшының айтқан пікіріне сәйкес елдің ақша-несие және салық-бюджет саясатының негіздерін жетілдіру қажет, сондай-ақ институттардың ашықтығын және тиімділігін арттыру үшін жұмыс істеуді жалғастыру қажет, өйткені бұл мемлекеттің инвестициялық тартымдылығына әсер етеді.

Соңында Кристин Лагард мемлекет техникалық даму, білім беру салаларына және әлемдік экономикаға ашық болуы тиіс екендігіне көбірек назар аудару қажеттілігін атап өтті. Лагард қазақстандық жас ұрпақты білімге ұмтылуға, шығармашылық пен инновацияға шақырды. Сондай-ақ барлық қазақстандықтарды Егемендіктің 25-жылдығымен құттықтады.

Дәріс барысында іс-шараларың он-лайн трансляциясы жүзеге асырылды. Дәрістің жазбасын мына сілтеме бойынша көруге болады:

 https://youtu.be/RxyRxpP_Tts