Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның келу

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева 2016 жылғы 17 наурызда Назарбаев Университетінде болды.

Д.Назарбаева Университеттің кітапханасында, Ғылым және технологиялар, Инженерия мектептерінің зертханаларында, Жоғары Бизнес мектебі мен Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде болды. Мектептерді аралаған  Премьер-Министрдің Орынбасары Университеттің студенттерімен екі жаққа да пайдалы кездесу өткізді.

Кездесуде студенттер әлеуметтік сектор, Қазақстанда биомедицина және ғылымды дамыту мен зерттеулер жүргізу саласындағы өздерін қызықтырған мәселелер бойынша қойылған сұрақтарына  қайтарылған жауапқа ризашылықтарын білдірді.