Назарбаев Университетінде Студенттік Үкімет Президенті сайланды

Төрт үміткердің ішінде ең көп дауыс жинаған Инженерия мектебінің студенті Дәурен Лесхан осы мәртебеге ие болды.

Дауыс беруге 2 000-нан астам студент қатысты.  Назарбаев Университетінің барлық студенттеріне таңдау құқығы берілді. Сайланған Президент студенттік Үкіметті қалыптастырады, оның  құрамына вице-президент, үкімет мүшелері  кіретін. Олар әлеуметтік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-бұқаралық, сондай-ақ Студенттік Қор мен академиялық білім беру мәселелерімен айналысатын болады.

Сайлау алдында үш кезеңнен тұратын пікірталас турнирі өткізілді. Бірінші кезең үміткерлердің құттықтау сөздері мен таныстырылымдарын қамтиды, ал екінші кезеңде панельдік пікірталас өткізілді. Биыл Студенттік Қор мен академиялық білім беруді дамыту мәселелері өзекті  тақырыпқа айналды. Үшінші кезеңнің барысында студенттер өздеріне қызықты кез келген сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.