JAS Social Impact конкурсы басталды

NU қауымдастығы мен NIS түлектері арасында JAS Social Impact әлеуметтік жобалары мен әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған конкурс ашылды. Конкурсқа білім беру, мәдениет және өнер, экология және абаттандыру, спорт, сондай-ақ отбасылық дәстүрлер мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша жобалар қатыса алады. Бұл балалар мен жастарға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдарға арналған жобалар болуы мүмкін. Іріктеудің басты критерийлері – өзектілік, тиімділік және нәтижелілік, ресурстардың болуы, инновациялылық және тұрақтылық.

Ұйымдастырушы – Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры. Бұл Қордың Назарбаев Университетінің идеялары мен құндылықтарын ілгерілетудегі алғашқы тәжірибесі емес. Өткен жылы Әлеуметтік даму қоры #SDFGRANTS2020 әлеуметтік жобалардың гранттық конкурсын өткізді. Жобалары қазіргі уақытта іске асырылу сатысында тұрған 9 жеңімпаздың арасында әлеуметтік бизнеске айналуы ықтимал жеңімпаздар бар. Солардың бірі, TopyraQ жобасы қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетін және биологиялық тыңайтқыштарды қолдануды насихаттау мақсатында жасалған. Қазірдің өзінде ол экологиялық өмір салтын ұстанатын Қазақстан тұрғындарына тамақ қалдықтарының бір бөлігін кәдеге жарату және өз өсімдіктеріне табиғи азықтандыруды пайдалану шешімдерінің бірі ретінде вермикомпостерлер ұсынуға дайын.

Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры жанындағы Әлеуметтік жобалар департаментінің директоры Дина Кененсаринованың айтуынша, NU қауымдастығында әлеуметтік кәсіпкер болуға дайын адамдар бар.

 “JAS Social Impact әлеуметтік жобаларға арналған гранттарды ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған гранттарды да қамтиды. Конкурста сондай-ақ қаржыландырудың қосымша түрі – әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған және тартымды шарттарда қайтарымды негізі бар Social Invest қарастырылған”, – деп атап өтті Дина Кененсаринова.  

JAS Social Impact негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге әлеуметтік бағдарланған бизнес үшін де, кәсіпкер үшін де, адамдар үшін де мультипликативтік әсер ететін ең батыл идеяларды іске асыруға көмектесу. Ал “мейірімді бизнес” әлемінде алғашқы қадам жасап жүргендер үшін Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры “әлеуметтік кәсіпкерлік” тұжырымдамасын неғұрлым терең түсіну үшін бірқатар білім беру материалдары мен ZOOM вебинар жазбаларын дайындады. Материалдарға конкурс сайтында қол жеткізуге болады.

Үздік жобаларды іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және Jas Camp шеңберінде қатысушылардың білім беру компонентін, бизнес-дағдыларды алуын, сондай-ақ тәлімгерлермен жұмысты қамтиды.  Қаржыландыру үш түрі бойынша қолжетімді болады: Social Project Grant – 1 000 000 теңгеге дейін, Social Entrepreneurship Grant – 5 000 000 теңгеге дейін және Social Invest – 10 000 000 теңгеге дейін.

Конкурс туралы толығырақ ақпарат мына жерде