Жыл сайынғы академиялық адалдық бойынша бірінші бейне байқауының жеңімпаздары жарияланды

2021 жылғы 1 маусымда Назарбаев Университеті академиялық адалдық тәжірибесін зерделеу үшін университеттерде бірінші жыл сайынғы виртуалды дөңгелек үстел өткізді. Спикерлер оқытушылар да, студенттер де кездестіретін академиялық адалдыққа байланысты мәселелерді, сондай-ақ проблемаларды мүмкіндіктерге айналдырудың озық әдістерін және осы тұрғыда студенттердің көшбасшылығына арналған жаңа тәсілдерді талқылады. 

Академиялық және кәсіби адалдық пен этика құндылықтарын ұстану оқу орындары үшін, әсіресе стандартты емес ойлауға, инновациялар мен жаңалықтар ашуға ықпал ететін атмосфераны құруға ұмтылатын Назарбаев Университеті үшін өте маңызды. Университеттің басты мақсаттарының бірі – ғылым мен білім беру саласында әлемдік деңгейде көшбасшылыққа қол жеткізу және осындай өршіл мақсатқа осындай атмосфераны құрмай қол жеткізу мүмкін емес. Өйткені академиялық адал болмау студентке өзінің ішкі әлеуетін толық түсінуге және іске асыруға мүмкіндік бермейді, оны түпнұсқа идеяларды білдіру, дереккөздерге сілтеме жасау, өз бетінше жұмыс істеу, нәтижелер туралы нақты және адал хабарлау сияқты дағдылардан айырады. Бұл дағдылардың барлығы студенттерге және олардың болашақ кәсіби өмірінде қажет. 

Іс-шара аясында сондай-ақ Қазақстан мен басқа да елдердің ЖОО студенттері мен жоғары сынып оқушылары арасында академиялық адалдық тақырыбында жыл сайынғы бірінші бейне байқауы жарияланды. 2021 жылғы байқауының жеңімпаздары Жылкабай Назерке және Каждаров Алдияр, NIS,  (Қазақстан, Павлодар) үшін ең Үздік видео, Нәби Даурен Ким Эрик ( Қазақстан,Талдықорған) Bilim-Innovation Lyceum  номинациясында Орта мектебі, Алмазбек-қызы Әсемай және Қабылет Қазбек, Nazarbayev University, Қазақстан номинациясы бойынша Бакалавриат/Университет, Төлебаев Нұрбол және Телюқанов Жігер  (Қазақстан, Нұр-Сұлтан) Bilim-innovation, номинациясы бойынша Магистратура-Докторантура/Университет. Көрермендер көзайымы жүлдесін Наби Дәурен мен Ким Эрик (Қазақстан, Талдықорған) Bilim-Innovation Lyceum алды.

Жоба туралы толығырақ мына жерде