«Карантин» режимі. Стартапқа дағдарысты қалай еңсеру керек туралы 5 кеңес
Дағдарысты қалай еңсеру керек? Жағымды жақтары бар ма және оларды қалай табуға болады? Тұрақты алаңдаушылық пен белгісіздіктен шаршау сияқты сезімдерден қалай құтылуға болады?
«Карантин режимі» айдарында Назарбаев Университетінің «NURIS» ЖМ Бизнес-акселераторының жетекшісі Болат Сұлтанғазин өзінің пайдалы кеңестерімен бөліседі.
– Джон Кеннедидің арқасында танымал болған дағдарыс сөзі туралы ескі мотивациялық қысқа әңгіме бар. Қытай тілінде «дағдарыс» деген сөз екі символдан тұрады, біреуі «қауіп» дегенді, ал екіншісі «мүмкіндік» дегенді білдіреді. Менің ойымша, мұндай тәсіл Стартапқа осы күрделі кезеңде өмір сүруге ғана емес, сондай-ақ жақсы кезеңге дейін өмір сүруге көмектеседі, – деді Болат.
Сонымен, бес кеңес.
1.Орын.
Жұмыс орны әрдайым маңызды, ал қашықтықтағы жұмыс бұдан да аса маңызды. Карантин кезінде жалғыз қалған стартапшыларға әлдеқайда жеңіл. Ал отбасылары бар адамдарға үйдегілердің арасында өз орнын табуға, тыныштықты сақтап қалуға және бейнебайланыс үшін тиісті фонды қамтамасыз етуге қиынырақ. Интернетте еркін фонды бейнеге (мысалы, Snap camera) қоюға мүмкіндік беретін және қоңырау шалу кезінде бөгде дыбыстарды жоятын шешімдер пайда болды (Krisp.ai; бұл стартап 2 млн. доллардан астам инвестиция тартты). Бірақ орын мәселесін жалпы кестемен шешу тиімді, онда кімнің, қайда және не істейтіні туралы анық жазылуы тиіс.
2.Пивот.
Пивот (ағылшын тілінде pivot – вираж, бұрылу нүктесі) – бұл жаңа даму бағыттарын сынау мақсатында стартап қозғалысының бағытын өзгерту. Дағдарыс кезіндегі пивот – бұл көптеген стартаптар үшін кенеттен өзгеретін сыртқы жағдайларға бейімделудің тәсілі. Оффлайн жобалары онлайн түрінде жүргізіледі. Бірақ онлайн тәсілі де оңай емес. Иә, әлеуетті пайдаланушылар саны бірнеше есе көбейді. Бірақ пайдаланушының назарына бәсекелестік те ұлғая бастады. Сондықтан тек жылдам (және арзан) эксперименттер мен дұрыс сегментке жылдам бұрылу өте маңызды.
3.Коллаборация.
Дағдарыстың басқа мүмкіндігі – бұл айқын емес серіктестермен бірігу мүмкіндігі. Мұндай стартап #bizbirgemiz. Мысалы, ресейлік Delivery Club тамақ жеткізу қызметі Zigmund.Online психологиялық онлайн-кеңес беру платформасымен және «Много Лосося» мейрамханасымен бірлесіп акция өткізді. Олар «Кешкі сырласу асы» арнайы мәзірін әзірледі, оған тапсырыс берген кезде пайдаланушы дәмді тағамды ғана емес, сонымен қатар психологтан онлайн консультация алады. Ал сіз аксельде өзіңіздің тарапыңыздан қазақстандық Стартапқа не ұсынасыз?
4.Өзін-өзі дамыту.
Білім – бұл қазіргі пандемия кезінде «мүмкіндік» деген сөздің синониміне айналған сегменттердің бірі. Бүкіл әлем бойынша университеттер мен білім беру орталықтары өз контентінің бір бөлігін барлық қалаушылар үшін мүлдем тегін ашты. Әрбір екінші кәсіби кеңесші маркетинг, сату, юриспруденция және т.б. сияқты стартап үшін маңызды салаларда тұрақты негізде барлық ниет білдірушілер үшін вебинарлар өткізеді. Стартап үшін бұл бұрын қымбат болған ресурсқа қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады.
Медальдің кері жағы – осындай курстардың артық саны, ақпараттың ауқымдылығы. Сондықтан тексерілген дереккөздерді немесе ұсыныстарды таңдау керек.
5.Спорт.
Дағдарыстың тағы бір жеке аспектісі – денсаулық. Денсаулық – бұл стартаптың басты ресурсы, ол пандемия аяқталғаннан кейін өте қажет болады. Карантин кезінде аз қозғалатын өмір салты ерте ме, кеш пе өнімділікке міндетті түрде әсер етеді, сондықтан алдын алуға әрекет ету өте маңызды, себебі бұл одан кейінгі салдарды талдауға қарағанда оңай және арзан болады.
Ең қарапайым тәсіл – дене шынықтыру жаттығуларын қосу – жұмысты тұрып орындау, мысалы, терезенің алдында тұрып орындау, өйткені отырып орындауға қарағанда, дененің бұл тұрысы біздің ағзамызға үйреншікті болып табылады. Тік жағдайда организм бұлшық еттің көп мөлшерін қолданады, соның салдарынан ағзадағы қан айналымы жақсы болады. Әуесқойлар үшін интернетте йогадан боксқа дейін белсенділіктің барлық түрлері бойынша қысқа және басқа да өте көп бейне нұсқаулар ұсынылған.