“Карантин” режимі. Ақылдан адаспауға қатысты 5 кеңес

Дағдарыстан қалай өтуге болады? Орын алған жағдайдың оң тұстары бар ма және оларды қалай пайдалануға болады? Тұрақты алаңдаушылық пен белгісіздіктен шаршау сезімінен қалай құтылуға болады?

Осы сұрақтардың жауаптарымен және осынау күрделі уақытта шынында да ақылдан адаспаудың амалдары туралы өз кеңестерімен 2015 жылдың түлегі Айнұр Есбосынова “Карантин” режимі сериясы бойынша екінші мақалада өз ойымен бөлісті.

Айнұр  Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебін 2015 жылы бітірді  (2019 жылдан бастап Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі) және қазіргі кезде CREATA Ventures компаниясының TransforNation инновациялық зертханасының жобалау менеджері,  қалаушысы болып табылады.

16 сәуірде  елде төтенше жағдай енгізілгеніне тура бір ай, ал 19-ында  елорданың карантинге жабылғанына толық бір ай болды. Психологтардың, психотерапевтердің, психиатрлардың, коучтердің және консультанттардың ортасындағы белгісіздік жағдайларында адамдардың қолдау мен көмек сұраған өтініштерінің саны өсе түскені байқалады. Егер карантиннің алғашқы күндері адамдар әртүрлі ойын-сауықпен, курстармен және өзге де жолдармен көңілдерін басқа жаққа бұруға тырысса, бір жарым аптадан кейін осы белгісіздік аясында ашу-ыза мен негативтің өсуі байқалды. Атап айтқанда, халықтың алаңдаушылығының негізгі мәселесі қаржылық құрамдауыш болып табылады: адамдар оларға қаражаттың жететінін, олар өздерінің қазіргі жұмыс орындарында қалатынын немесе олардың ақы төленбейтін еңбек демалысы қанша уақытқа созылатынын білмейді. Бүгін белгісіздікпен бетпе-бет келу кезіндегі әсердің үшінші фазасы басталды: жалпы апатияның, шаршаудың және енжарлықтың пайда болуымен сипатталатын бойұсынушылық.

Осыдан келіп, төрт негізгі сыни мәселе туындайды.

  1. Өз миын жаңа, бірақ қажеттілігі жоқ ақпаратпен тығыздап толтыра беретін кезекті марафоншыға қалай айналмауға болады?
  2. Ашуланшақ және ызақор адамға қалай айналмауға болады?
  3. Эмоцияларды жинай бермей, оларды өзі үшін және төңірегіндгілер үшін  экологиялық тұрғыдан пайдалануға болады?
  4. Осы уақыт ішінде жай ғана тіршілік кешіп қана қоймай, сапалы және саналы түрде қалай өмір сүруге болады?

Сонымен, не істеу керек?

1-кеңес. Дем шығарып және қалыпты тыныс алуды үйрену.

Не үшін?

Ми мен дене өзара байланысты. Егер адам сабыр сақтап, босаңсу туралы тұла бойына психоэмоциялық хабар жеткізе алмаса, онда оны дене арқылы жасауға болады. 

Ұсыным

Егер сіз бір нәрсенің көңіл-күйіңізге теріс әсер ететінін түсінсеңіз, онда айыптамай-ақ осы объектімен өзара іс-қимылды шектеңіз.

Мысал. Карантиннің алғашқы 2 аптасында компьютермен әдеттегі жұмыс істеу кезінде мені себепсіз пайда болатын жүректің жиі соғуы, терең тыныс алмау сезімі мазалай бастады. Өйткені, сол 2 аптаның ішінде әркім жаңалықтар  «шабуылына» ұшырады. Жағдай туралы хабардар болу керек сияқты, бірақ бұның  денсаулық жағдайына әсер ету фактісін жоққа шығаруға болмайды. Бұл жерде мәселе жаңалықтардың өзінде емес, керісінше біздің реакциямызда: БАҚ шынайы жағдай басқаша болып тұрған кезде бізге “мамыражай әлемді” сипаттамайды ғой. Мен осылай әрекет ететінімді түсініп, барлық жаңалықтар арналарын дыбыссыз  режимге қойдым,  таңертең емес және ұйықтаудың алдында да емес, дәлірек айтқанда, түскі ас кезінде,  күндізгі уақыттың ортасында тереңдеп оқымай, жаңалықтардың тақырыптары бойынша 5 минут « көз жүгіртіп» қарап шығумен шектелдім. Сонымен қатар, өзіме күн сайынғы пранаямдарды (йога практикасынан тыныс алу гимнастикасы) және медитацияларды қостым. Егер сіз жаңа бастап жатсаңыз, онда ПРАНАЯМА мен МЕДИТАЦИЯ-ны «гуглден» іздеңіз. Сілтемелер бойынша өтіңіз. Одан әрі интернет маркетинг сіз үшін бәрін жасайды және сізге нұсқаушының басшылығымен алғашқы уақытта тәжірибе өткізу үшін осы тақырыптарға қазір қолжетімді онлайн марафондар туралы жарнама өзі келіп тұратын болады.

2-кеңес. Фокус нүктелерін анықтау.

Энергия алмасу заңына сәйкес: Энергия назар аудару арқылы қозғалысқа түседі. Бұны физиканың қарапайым заңының  көмегімен түсіндіруге болады: Бақылау нысанын бақылаушы өзгертеді.

Егер осылай болса, сіз дем шығарып, терең тыныс алдыңыз, енді артқа көз тастап, рефлекстерге кезек беруге болады:
– Карантинге дейін қалай өмір сүрдіңіз? Сізге бәрі ұнаушы ма еді? Әрине, бір нәрсенің ұнамайтыны айқын еді ғой, рас па? Ол не өзі? Неліктен? Ал осының барлығы өміріңізге керек пе?
– Егер керек болса, онда сіз өзіңіздің көзқарасыңызды өзгерту үшін не істей аласыз?
– Егер қажет болмаса, жағдайды өзгерту үшін не істей аласыз?
Өмір тәжірибесінде тек былай ғана: Біз жағдайға көзқарасымызды немесе жағдайдың өзін өзгертеміз.

Бұл не үшін қажет?

Фокус нүктелерін анықтау үшін. Сіз үшін карантин деген не: бастан өткізу керек болатын уақытша қолайсыздықтар ма  әлде мүмкіндік пе?

Мысал. Қаңтар айының ортасында мен негізгі жұмыспен қатар жеке консультациялар  берумен айналыса бастадым. Осы сәтке “Істегім келеді, бірақ әзірше ерте” деп аталатын менталдық қорапша лық толы болатын. Себебі қарапайым және кең таралған ой: Қызығушылықтар мені асырамайды, бірақ жұмыстың орны – бір бөлек. Консультациялар көбейе түсті, ал карантинге байланысты жұмысым “ақысыз демалыс” режиміне ауысты. Әрине, “Енді не істеу керек” деп сары уайымға салынуға да, көз жасын көлдетуге де болатын еді, – бірақ уақыт қымбат. Сондықтан мен сол қорапты ашып, ішіндегісін  зерттеген дұрыс дегенге басымдық бердім.

3-кеңес. Өзінің бәсекелестік артықшылығыңды айқындау.

Қалыптасқан жағдайға байланысты нарық пен экономиканың өзгеретіні ешкімге құпия емес. Не істеу керек? Көз жасын сүртіп, толқынның жалына жармасу керек.

  1. Жаңалықтарды мониторингтеңіз, өзіңіз іске асыратын саланың қалай өзгеретіні туралы мақалалар іздеңіз.
  2. Өзгерістер бағытының векторларын түсініп, оларды өзіңіздің Даму векторларыңызбен үйлестіріңіз.
  3. Даму мүмкіндіктерін іздеңіз, фокус пен бәсекелестік артықшылығына, дағдыларға байланысты сізге қажетті қандай да бір жаңалықтар болуы мүмкін.
  4. Егер қаржылық қиындықтар болса, есіңізде болсын, тегін онлайн марафондар мен бөліп төлеу нұсқаларын ешкім алып тастаған жоқ. Бұған қоса,   біздің қоғамда енді дипломды емес, білімді бағалай бастуы мүмкін ғой.

Не үшін?

Осы бағыттағы мониторинг пен аздаған қадамдар сізге қауіпсіздік пен өзіңізге және өз күшіңізге деген сенімділік сезімін ұялатады.

Мысал. Алғашқы екі апта ішінде мен нарыққа мониторинг жүргізе бастадым: курстарды қарадым, лайктар, пікірлер қалдырдым және маған қызықты салаларды Google салдым. Бұған дейін айтылғандай, “үлкен аға” ұзақ күттірген жоқ. Маған өзімді қызықтыратын ұсыныстар өздері келіп түсе бастады. Мен таныстыру вебинарларына жазылдым, тыңдадым және шешімдер қабылдадым: менікі, менікі емес, қызықты және керегі бола ма,  жоқ па? Бұл жерде ең бастысы маркетинг туралы есте сақтау және сіздің бәсекелестік артықшылығыңызға қызмет етпейтін нәрселерді оп-оңай алып тастап отыру керек.

 4-кеңес. Нақты және орындалатын мақсаттар қою.

Сіз интернет-маркетингке өзіңізді барынша азғыруға мүмкіндік берген кезеңнен кейін, фокус туралы еске алып, 2-тармақ пен бәсекелестік артықшылығы бөлігінде 3-тармаққа қайтып оралатын уақыт келді.

Егер қаржы мүмкіндік берсе, барлығы: бағдарлама да, жаттықтырушы да, пікірлер де жақсы болса, онда оқуды таңдаңыз. Бірақ егер қаржы бөлігі бойынша жағдай қиын болса, онда уайымдамаңыз, тегін  дереккөздерді іздеңіз. Бұл жерде ең бастысы, әлденені тегін алғанда, онымен міндетті түрде бөлісу керек екендігін ұмытпаңыз.

Не үшін?

Өзіңді дедлайндарға берілген марафоншы немесе өзінің нақты өмірінен бұлтара алмайтын түбегейлі нигилист ретінде сезінбеу үшін.

Мысал. Бірінші және екінші аптада 10 танысу вебинарынан бастап, мен екінші және үшінші апта ішінде 5 онлайн марафоннан өттім, қазір карантинің  төртінші аптасында “Фокус – Нарық – Бәсекелестік артықшылығы” қиылысу нүктесі бойынша таңдалған үш курста оқытуды жалғастырып жатырмын.

5-кеңес. Іс-қимыл жасау, талдау, қателіктермен жұмыс істеу, қайтадан іс-қимыл жасау.

Ең маңызды тармақ. Жатқан тастың астына су бармайды. Менің ойымша, түсіндірусіз-ақ бәрі түсінікті емес пе?!

Не үшін?

Қолданылмаған білімнің күші жойқын. Сайып келгенде, сізді асырайтын біліміңіздің өзі емес, біліміңізді қолдану ТӘЖІРИБЕСІ болады.

Мысал. Оқытуды таңдағанда, мен олардың қаншалықты бағытталғанына және практиканы қамтитындығына және осы бөлім бойынша тренердің қаншалықты талапшыл екендігіне назар аударамын. Егер курс теорияны ғана қамтитын болса, онда дедлайндар мен үй тапсырмалары болмайды, одан бас тартыңыз, өйткені ол өтпеген қалпында қалады.

Айтпақшы, егер онлайн марафон кезінде сіз ештеңе істемеген болсаңыз, әңгіме бәрінен бұрын фокусты айқындау мәселесінде болып отыр, сіз жай ғана бәрі таңдайтынды нәрсені таңдағансыз.

Қорытындылай келе, дағдарыс және белгісіздік кезеңінде ең бастысын еске салғым келеді:
Ешқайда қашпаңыз.
Нақты шындықтан тұрмыс-тіршілікке немесе жұмысқа қашпаңыз.
Онда қандай жайлы болғанын  еске алып, өткенге қашпаңыз, онда барлығы жақсы болады деген үмітпен болашаққа қашпаңыз.
Бүгін және қазір – бұл кешегінің себеп-салдары және ертеңгінің себебі.

 

Авторы Айнұр Есбосынова