Университеттің бұқаралық ақпарат құралдарына үндеуі

“Назарбаев Университеті” дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі-Университет) қызметінің негізгі мақсаттары білім беру қызметін, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру, қазіргі заманғы білім беру, ғылыми инфрақұрылымды құру болып табылады. Бұл ретте, Университет саясат және геосаясат мәселелері бойынша әрдайым бейтараптық қағидаттарын ұстанады.

Университет қызметкерінің есігінде ілінген “Za наших”(“Біздікілер үшін”) деген жазуды ол өз бетінше алып тастады, өйткені оның бұл әрекеті Университет қызметінің негізгі мақсаттарымен сәйкес келмейді.

Қызметкерлер мен студенттер жеке пікірін білдіруге құқылы, бірақ ол Университеттің көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Сондықтан, Университет барлық қауымдастық мүшелерінен қоғам алдында өз көзқарастарын Университеттен тыс жерлерде Университетке қатыссыз білдіруді сұрайды. БАҚ өкілдері бұл ұстанымды түсініп,  құрметпен қарайды деп үміттенеміз.