Қазақ тіліне қызыққан Ракель

Ракель Рейнаджел тілдерге құмар. Ол Назарбаев университетінде ағылшын тілінен сабақ беруден бос уақытында қазақ тілін үйреніп, нәтижелері жайлы блогында бөліседі. 7 арнаның  “Оян,Қазақстан” таңғы бағдарламасының журналистіне берген сұхбатында, Ракель өзін әзілдеп Раушан Рейнагүл деп атады.