«NU бакалавриат бағдарламалары: пандемияға дейін, пандемия кезінде және одан кейін» сұрақ-жауап сессиясы

Күні: 2022 жылдың 10 наурызы

Уақыты: Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 16:00-17:30

 

NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі барлық қызығушылық танытқан талапкерлерді «NU бакалавриат бағдарламалары: пандемияға дейін, пандемия кезінде және одан кейін» тақырыбындағы сұрақ-жауап сессиясына қатысуға шақырады! Сессия NU студенттерінің қатысуымен өтеді. 

Сессия барысында студенттер өз бағдарламалары және пандемия кезінде қалай оқығандары туралы сөз қозғайды, сонымен қатар өз тәжірибелеріне сүйене отырып, келешек студенттерге оқуға түсуге дайындық бойынша пайдалы кеңестерін береді. Ал  қатысушылар барлық сұрақтарына жауап ала алады.

 

Сессия бағдарламасы:

 

  • 16:00-16:05 Алғы сөз, Нурхан Омарбеков, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі

  • 16:05-17:00 Студенттермен сұхбаттасу

    • Тамила Тажибаева – Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі «Математика» бағдарламасының 2- курс студенті

    • Диас Такенов – Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі «Саясаттану және халықаралық қатынастар» бағдарламасының 3-курс студенті

  • 17:00-17:30 Сұрақ-жауап сессиясы 

 

Сессия орыс тілінде өтеді. 

Қатысушылар сұрақтарын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қоя алады.

 

Тіркелу үшін мына сілтемеге өту қажет. 

 

Оқуға түсу мәселелері бойынша Байланыс орталығына хабарласуға болады:

Тел.: + 7 7172 642584, +7 747 0940230

Эл. пошта: info_admissions@old.nu.edu.kz