Galym-Galam: Карес Шенк NU SSH қауымдастырылған профессоры

“Galym-Galam” айдарымыздың жаңа қонағы – Карес Шенк, NU SSH қауымдастырылған профессоры. Қазіргі уақытта ол бірнеше жобалармен айналысуда. CoronaNet халықаралық жобасы аясында Covid-19-ға қатысты Үкіметтің шешімдері туралы мәліметтер жиналады және Карес Шенк зерттеулерінің нәтижелері бойынша Еуразия елдерінде шешімдерді бір бірінен алу саясаты байқалады. “Дағдарыс, қауіп және белгісіздік” жобасы бойынша ол вакцинация саласындағы саясат пен тәжірибені, сондай-ақ аурудың, вакцинаның және қалпына келтірудің ресми мемлекеттік деректерін алу үшін қолданылатын әдістемелерді зерттейді.

 

Өзіңіздің біліміңіз бен кәсіби тәжірибеңіз туралы айтып беріңізші

Мен саяси ғылымдар саласындағы PhD дәрежемді Майами университетінде (Огайо штаты) әрі халықаралық қатынастар және салыстырмалы саясат магистрі дәрежемді Райт университетінде (Огайо штаты) алдым. Менің докторлық диссертациям Ресейге иммиграция тақырыбына, ал магистрлік диссертациям бұрынғы Югославия мысалындағы гуманитарлық интервенцияға арналды. Бакалавр дәрежемді музыка саласы бойынша алдым, тіпті магистратураға түскенге дейін бірнеше жыл бойы музыка мұғалімі және графикалық дизайнер болып жұмыс істеді.

 

Қазіргі зерттеу жобаңыз туралы бізге айта аласыз ба?

Қазір менде бірнеше жоба бар. Солардың бірі – CoronaNet халықаралық жобасы, оған NU-дың көптеген студенттері тағылымдама аясында қатысты. CoronaNet  Үкіметтің COVID -19-ға байланысты шешімдері туралы деректерді жинайды және NU-дың тағылымдамадан өтушілерінің арқасында бізде әлемдегі кез келген басқа саясат трекеріне қарағанда, Еуразия туралы әлдеқайда толық деректер бар. Менің екінші жобам “Дағдарыс, тәуекел және белгісіздік: COVID-19 дәуіріндегі қорқыныш саясаты және ғылым саясатын басқару” деп аталады. Бұл жобада біз Қазақстан мен Ресейдегі саяси билік пен қоғам көңіл-күйінің арасындағы өзара байланысты зерттейміз. Үшінші жобам менің Еуразиядағы көші-қонды ағымдағы зерттеуіме, атап айтқанда көші-қон саясатындағы ресми деректердің пайдаланылуы мен маңызын зерделеуіме байланысты. Осы жобалардың ең жақсы бөлігі менің зерттеу топтарымда NU студенттерімен жұмыс жасауым болды. Студенттермен жұмыс жасау керемет идеяларды, күш-қуат пен ортақтасу сезімін тудырды, сол үшін өте ризамын.

 

Сіздің зерттеуіңіздің негізгі нәтижелері қандай?

CoronaNet жобасының аясында біз Еуразия елдері арасында саясатты бөлісу жағдайын анықтадық. Біз шешім қабылдау өкілеттіктерінің жаппай берілуін де байқап отырмыз, бұл дегеніміз – ең маңызды шешімдерді жергілікті билік қабылдайды. Федералды жүйе болып табылатын Ресейде бұл таңқаларлық емес. Алайда Қазақстанда біз осыған ұқсас үрдісті байқадық, мұнда шешімдердің көпшілігін әкімдіктер мен жергілікті санитарлық дәрігерлер қабылдайды. “Дағдарыс, қауіп және белгісіздік” жобасы аясында біз вакцинация саясаты мен практикасын, сондай-ақ сырқаттану, вакциналар және сауығу жағдайларының саны туралы ресми мемлекеттік деректерді алу үшін пайдаланылатын әдіснаманы зерттейміз. Біз Үкіметтің бұл сандарды алу үшін көп күш салып жатқанын байқаймыз, бірақ жұртшылық көбінесе сандардың шындыққа  жанасатынына сенбейді. Бұл менің үшінші жобамда тапқаныма байланысты: үкіметтер көбінесе іс жүзінде болған жағдайлардың шамалысын ғана көрсететін, көптеген ресми деректерді ұсынады, ал деректер жалған болмаса да, олар таңдамалы және жағдайды толық көрсетпейді. Десек те, үкімет қызметінің сандық нәтижелері оның өз жұмысын бағалауы және қоғам алдында негіздеуі үшін өте маңызды.

 

Неге сіз НУ-ға қосылғыңыз келді?

Мен докторлық диссертациямды қорғағаннан кейін үйіме жақын университетте сабақ бердім. Қызықты адамдармен жұмыс істедім, студенттер де керемет болды. Алайда мен бұл жұмысты ұзақ мерзімді перспективада қарастырған жоқпын, өйткені менің оқу жүктемем үлкен болып, зерттеуге көбірек уақыт бөлгім келетінімді анық білдім. Зерттеулерім өңірге арналғандықтан, менің тарапымнан Қазақстанға келу өте орынды шешім болды. Мен жаңа перспективалар жайлы білу үшін АҚШ-тан кету мүмкіндігін пайдаландым.

 

Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

Мен NU-да болғанды ұнатамын, мүмкіндігімше, осында қалуды жоспарлап отырмын. Қазір менің балаларым кішкентай, бірақ уақыт өте келе, олар Америкадағы колледжге түскілері келуі мүмкін және оларға біздің қолдауымыз қажет болуы ықтимал. Зерттеулерге келер болсақ, мен қазіргі жобаларым бойынша зерттеулерге негізделген бірнеше мақалалар жариялап, ақтығында кітап шығарамын деп үміттенемін. Алайда, саяси талдау баяу жүріп жатыр, сондықтан мен бұл зерттеулердің алғашқы нәтижелерін алдағы 3-5 жылда көремін деп күтер едім.

 

Академиядағы және отбасындағы мәртебеңізді ескерер болсақ, екеуін де бірге алып жүру қиын ба?

Көптеген нәрселерге қатысты айтар болсам, академиялық ортада әйел болу қиын. Әйелдер көптеген академиялық салаларда, кафедраларда және жарияланымдарда еленбейді. Бұған бірнеше себептер бар, бірақ солардың бірі – әйелдердің көбі өз отбасыларының бірлігін сақтаумен қатар, мансабын ілгерілету үшін жасауы тиіс ақыл-ой және эмоциялық тұрғыдағы жұмыс. Егер сізді ешкім қолдамаса, балалармен бірге академик-әйел болу мүмкін емес. Мен күйеуімнің мен ғана мансабыммен қатар, үй шаруашылығымен және балаларымызбен  айналысатынымды күтпейтініне ризамын ба? Ол балаларымыз бен үйде тәртіп сақтаудағы көптеген аспектілерде жетекші рөлді өзі атқарады. Менің ойымша, бұл сирек кездесетін жайт, бірақ мұндай қолдаусыз әйелдерге мансапта жетістікке жету қиын.