NU GSB профессоры Шумайла Йосафзай: Мен Қазақстанға таң қаламын!

Qazaq TV телеарнасы “My Day in Kazakhstan” бағдарламасының кезекті кейіпкері – NU GBS профессоры Шумайла Йосафзай.  Профессор  Кардиффтегі Ұлыбританияның ең көне университетін тәмамдаған. Елордамызда үш жыл бойы жұмыс істеп келеді. Кәсібі менеджмент пен кәсіперлікке негізделген. Яғни, шағын және орта бизнесті дамыту жолдарын іздеу және мүмкіндігі шектеулі азаматтар құрған кәсіпорындардың қызметін зерттеумен айналысады. Бағдарлама барысында Шумайла өз отбасы мен достарымен таныстырып, Назарбаев Университетіне саяхат ұйымдастырды. Толық сұхбатты көру үшін QazaqTV сілтемесі арқылы өтіңіз.