NU Step to PhD: Әйгерім Рахымжанова, PhD in Science, Engineering, and Technology бағдарламасының түлегі
NU Step to PhD айдарындағы біздің кезекті қонағымыз – Әйгерім Рахымжанова, PhD in Science, Engineering, and Technology бағдарламасының түлегі, NU SEDS. Әйгерім қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінің Мария Склодовска-Кюри бағдарламасының ғылыми қызметкері және Еуропалық комиссия үшін жер туралы және климаттың өзгеруі туралы “Horizon 2020” жобасының аясында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Докторлық зерттеуіңіз туралы айтып беріңізші
Менің докторлық зерттеуімде мұнай ұңғымаларындағы құм өндірісінің 3Д компьютерлік модельдеуімен айналыстым. Құмның пайда болуы – мұнай-газ индустриясында жиі кездесетін мәселе. Әр түрлі себептерге байланысты құмтас бөлшектері құлап, ұңғыма бойымен көтеріліп, жол бойында ұңғыманы құммен толтырады. Бұл мұнай мен газ ағынының нашарлауына немесе тоқтауына, жабдықтың тозуына әкеледі. Мұнай өнеркәсібі жыл сайын құмды тазарту үшін миллиондаған доллар жоғалтады. Сонымен қатар, резервуар мен ұңғыманың қызмет ету мерзіміне әкелуі мүмкін.
Мен құм жыныстарын компьютерлік есептеу үшін жаңа байланыс моделін жасадым. Сонымен қатар, құмның пайда болу себептері мен механизмдерін анықтауға мүмкіндік беретін нақты мұнай ұңғымасы мен резервуарының жағдайларын мүмкіндігінше еліктейтін инновациялық компьютерлік модель жасадым.
Сіздің жұмысыңыздың қолданбалы мәні неде?
Менің докторлық жұмысымда 2 инновациялық жаңалық болды: құм жыныстарын компьютерлік есептеуге арналған байланыс моделі және мұнай ұңғымаларында құмның пайда болу механизмін анықтауға және болжауға арналған инновациялық модель.
Мен жасаған құм жыныстарын компьютерлік есептеуге арналған байланыс моделі Жердің әртүрлі бұрыштарынан нақты құмтастардың прототипін қалпына келтіруге және қажетті процестерді модельдеуге, жыныстардың механикалық және материалдық қасиеттері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мұнай ұңғымаларында құмның пайда болу механизмін анықтау және болжау үшін ұсынылған модельді мұнай-газ кен орнының әртүрлі тереңдіктері бар нақты ұңғымаларда пайдалануға болады.
Диссертацияңыздағы жұмыс барысы туралы не айта аласыз?
Таңдаған докторлық зерттеу тақырыбы мен үшін мүлдем жаңа сала еді, өте күрделі болды. Осы тақырыпты таңдау арқылы мен өзімді сынадым десем болады.
Өз саламдағы жоғары білікті сарапшы болу және өзімның тек техникалық білім мен дағдыларды ғана емес, кәсіби құндылықтар мен дағдыларды да жақсарту үшін докторантурада оқу кезінде өз алдыма бірнеше мақсаттар қойып, кезеңдерге бөлдім.
Бұл мақсаттар мыналар еді:
- менің зерттеу саласындағы жоғарғы университеттермен және профессорлармен ынтымақтастық құру,
- зерттеу нәтижелерін халықаралық журналдарда жариялау,
- өз еңбегімнің нәтижесін халықаралық конференцияларда таныстыру, халықаралық зерттеу жобаларында тәжірибе жинау.
Нәтижесінде менің супервайзерім әлемдегі ең үздік профессор және дискретті элементтер әдісінің көмегімен компьютерлік модельдеу саласындағы пионер – Бирмингем университетінің профессоры Колин Торнтон болды. Мен оған геоғылым мен геотехникада компьютерлік модельдеуді ең басынан бастап үйреткені үшін шексіз ризамын.
Екі жұмысымды өз саламдағы ең үздік журналдарда жарияладым, АҚШ пен Аргентинадағы халықаралық конференцияларда жұмысымның нәтижелерін ұсындым. Уорик Университеті, Лондон университеттік колледжі және Ньюкасл университеті жанындағы Мария Склодовская-Кюри атындағы бағдарламаның ғылыми қызметкері болып жұмыс істедім. Жоғарыда аталған университеттердің профессорларымен ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, мен өз саламда жақсы тәжірибе, білім және кеңестер алдым. Бұл маған сапалы зерттеу жүргізуге және докторлық диссертация жазуға көмектесті.
Алдағы жоспарларыңыз туралы айтып өтсеңіз?
Қазір мен Ньюкасл университеті жанындағы Мария Склодовская-Кюри атындағы бағдарламаның ғылыми қызметкерімін. Бұл бағдарлама бәсекеге қабілетті және беделді еуропалық зерттеу және инновациялық бағдарламалардың бірі болып табылады. Жер туралы ғылым және климаттың өзгеруі саласындағы Horizon 2020жобасы аясында Еуропалық Комиссия үшін зерттеу жүргізудемін. Болашақта мен климаттың өзгеруі туралы зерттеулерді жалғастырғым келеді, менің жұмысымның нәтижелері біздің табиғатымызға және адамзатқа пайда әкелгенін қалаймын.
Болашақ докторанттарға қандай тілек айтар едіңіз?
Докторлық диссертация жазу – күрделі және тынымсыз жұмыс. Ол PhD кандидатынан өз зерттеу саласында білімін, тәжірибесі мен іскерлігін ғана емес, сонымен қатар көптеген талаптарды сақтауын талап етеді. Мен барлық болашақ докторанттарға зерттеу үшін қызықты тақырып табуды, таңдалған зерттеу саласы докторанттың арманы мен мақсаттарына сәйкес келуін, сондай-ақ жемісті жұмыс, шыдамдылық пен академиялық сынаққа төзімділікті тілеймін.