НУ қоғамдастығының COVID-19 бойынша ынтымақтастық бастамасы вакцинацияны танымал ету мақсатындағы «Креатон» хакатонының нәтижелері жарияланды
НУ қоғамдастығының COVID-19 бойынша ынтымақтастық бастамасы вакцинацияны насихаттауға бағытталған “Креатон” хакатонының нәтижелерін жариялауға қуанышты.
2020 жылдың сәуір айынан бастап ынтымақтастық бастамасы негізінен НУ оқытушылары мен қызметкерлерінен 50 миллион теңгеден астам қайырымдылық жинады және COVID-19-ға қарсы күреске 40 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Ынтымақтастық бастамасы бөлген ақшаның көп бөлігі медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бүкіл Қазақстан бойынша ауруханалар мен медициналық орталықтарға жеке қорғаныс құралдарын жеткізуге жұмсалды.
Таяуда ғана «ынтымақтастық бастамасы» Қазақстанға мүмкіндігінше тезірек қауіпсіз және қалыпты өмір сүру салтына оралуға көмектесуге бағытталған хакатон ұйымдастыру үшін NURIS зертханасымен ынтымақтасуға шешім қабылдады. Хакатон 2021 жылдың 13 қыркүйегінде жарияланды және 50 қолжетімді орынды 3 сағат ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар толтырды.
24 қыркүйекте Хакатонның ашылу салтанаты өтті, онда қатысушыларға көптеген адамдарды вакцинациядан өтуге ынталандыратын бейнероликтер мен инфографика жасау міндеті қойылды. Рәсім аяқталғаннан кейін хакатон қатысушылары бейнероликтер мен инфографиканы әзірлеуге кірісті. Қырық сегіз сағаттан кейін, 26 қыркүйекте жексенбі күні, шаршаған қатысушылар өз туындыларын бағалау үшін сараптау комиссиясына ұсынды.
Бағалау нәтижелері сол күні кейінірек жарияланды. Қазылар алқасы ұсынылған материалдардың жоғары сапасын атап өтті.
Бұл бастаманың маңыздылығы ынтымақтастық бастамасы осы іс-шараның жеңімпаздарына ұсынған 2,1 миллион теңге жалпы жүлде қорында көрініс тапты.
Бейнеконкурстың жеңімпаздары:
1-орын: «ADM work» командасы
2-орын: Рүстем Қабдуллин
3-орын: «GLITCH» командасы
Арнайы жүлде: вакцинацияның маңыздылығын сипаттаудағы ең ғылыми тәсіл үшін «AI» командасына.
Графикалық дизайн / инфографика байқауының жеңімпаздары:
1-орын: Айнұр Бағитова
2-орын: Айсұлу Алмасбаева
3-орын: «Randomotion» командасы
Ынтымақтастық бастамасы «Креатон» конкурсының жеңімпаздарын құттықтайды және барлық қатысушыларға, қазылар алқасына және NURIS зертханасына олардың көмегі мен қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.
Ынтымақтастық бастамасы енді барлық адамдарды вакцинациядан өтуге ынталандыру мақсатында бүкіл Қазақстан бойынша конкурс жеңімпаздарының контентін ілгерілетуді жоспарлап отыр.
Вакцинация – біздің ортақ мақсатымыз болуы тиіс. Біздің көпшілігіміз COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғаннан кейін ғана біз вирустан қорғанамыз.