Galym-Galam: Д-р Майкл Райан, НУ ЖӘГҒМ әлеуметтану кафедрасының ассистент профессоры
«Galym-Galam» айдарымыздың кезекті қонағы – НУ ЖӘГҒМ әлеуметтану кафедрасының ассистент профессоры, доктор Майкл Райан. Ол әлеуметтану саласындағы PhD дәрежесін АҚШ-тағы Мэриленд Университетінде қорғады. Доктор Райан бұрын Лиссабон университетінде (Португалия) TRANSRIGHTS жобасының зерттеушісі болды және Каирдегі Америка университетінде (Египет), Latinoamericana de Ciencias Sociales (FLACSO) (Эквадор) және Мэриленд университеттерінде сабақ берді. Академия саласына оралмас бұрын, доктор Райан Вашингтонда, Денсаулық статистикасы ұлттық орталығында (Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының құрамына кіреді) зерттеу әдіскері болып жұмыс істеді.
Профессор Райан, қазіргі ғылыми жобаңыз туралы айтып берсеңіз?
Менің зерттеуімнің негізгі мақсаты – пандемиядан кейінгі қоғамды қалай қайта құру туралы шешім қабылдауда пайдалы болатын мәліметтермен қамтамасыз ету. Пандемия тудырған бірегей теңсіздіктерге қарамастан, ол көбінесе ресурстарға қол жетімділік мәселесіне әсер етті. Дәлелдемелер қоғамды «қалпына келетің» деп қарастыруға болмайтынын көрсетеді. Қоғам барған сайын теңсіз болып бара жатыр десек дұрыс болар еді. Менің мақсатым – әділетті, тең және тұрақты болашаққа қайта оралу мүмкіндіктерін анықтауға көмектесетін дәлелдер келтіру.
Мен (Серена Нандамен бірге) пандемияның білімге, жұмыс күшінің қатысуына, цифрлық теңсіздікке, саяси қозғалыстарға, экономикалық теңсіздікке және қоршаған орта, басқа факторлармен қатар, жаһандыққа әсерін зерттейтін “COVID-19: әлеуметтік теңсіздік және адам мүмкіндіктері” (Routledge 2022) атты кітабымды дайындап жатырмын. Бұл кітап менің пандемияға қатысты алдыңғы редакцияланған екі жинағыма негізделген. Менің зерттеуімнің негізінде пандемияның әсерін идеологиялық және материалдық жағынан талдау жатыр, соған қоса бұл жағдайда не істеуге болатынын сын тұрғысынан зерттеуге негізделген.
Сіздің зерттеуіңіздің негізгі нәтижелері қандай
Пандемия теңсіздіктің жаңа түрлерінің пайда болуына және, әсіресе, ресурстарға қол жеткізудің пандемияға дейінгі сәйкессіздік тенденцияларының күшеюіне әкелді.Менің зерттеулерімнің нәтижесі COVID-19 пандемиясы біздің жаһандық қоғамның негізінде жатқан көптеген жүйелік теңсіздіктерді айқындады. Мысалы, мен пандемияның неолиберализмге, ұлтшылдыққа және неоконсервативті идеологияларға жол ашқандығына дәлел келтірдім. Олардың әрқайсысы пандемиялық саясатта жаңа мүмкіндіктер таба алды. Менің дәлелім пандемия бұрыннан бар ресурстарды жинақтау мен бөлісуге, вакциналарға, бетперделерді киюге “біз оған қарсымыз” менталитетін күшейткеніне негізделген. Менің зерттеуімнің басты дәлелі – бұл пандемия кең ауқымды мәселелер бойынша теңсіздікті арттырды және бір мезгілде осы мәселелер туралы хабардар болудың жоғарылауына әкелді, және қоғамдық, саяси санада осы мәселелер бойынша алаңдаушылық пайда болды деп үміттенемін.
Неліктен сіз НУ-ға қосылуды шештіңіз?
Cалыстырмалы түрде жас университетте жұмыс істеу мүмкіндігі мені қызықтырды. Осындай әлеуеті зор қызықты жобаның бастамуында тұру және әлемдік деңгейдегі университеттің құрылысына белсенді қатысу мүмкіндігі керемет деп санаймын.Бұл университетке менің көптен бері жүргізіліп келе жатқан ізденістерім мен оқытудағы қызығушылығым пайдалы болуы мүмкін.
Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?
Өкінішке орай, менің COVID-19 зерттеу бағдарламасы жақын арада өте белсенді болады. Мен «өкінішке орай» дейтінім, өйткені біз пандемия әсерімен ұзақ уақыт өмір сүретініміз анық. Сонымен қатар, COVID-19 туралы зерттеулеріме қосымша, мен әлеуметтану бойынша, жаһандану заманындағы гендерлік және сексуалдылық бойынша оқулықтарыммен және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы сексуалдылық бойынша өңделген кітап томымен жұмыс жасаймын. Әрқашан қызықты жұмыстар көп!