PopSci 6-шы шығарылымы: Телефонмен ұйықтамаңыз!
«PopSci» проектінің алтыншы шығарылымының басты қонақтары, SEDS доценті Мартин Лукач пен SEDS постдокторанты Айшуак Қонаров адамзатты жақын келешекте жаңа технологиялар, әсіресе, жасанды интеллект саласында не күтіп тұрғаны жайында және ұялы телефонмен ұйықтау қаншалықты қауіпсіз екенін талқылады.
Профессор Лукачтың айтуынша, жасанды интеллект адамдарды алмастырады деген қорқыныш ақталмайды. Дегенмен, адамдар роботтардың арқасында күнделікті қайталанатын жүмыстан құтылады деп үміттенеді: «Бізде Star Trek -тің керемет идеалистік сценарийі бар. Оның идеясы бойынша, қоғам жетік дамығандықтан, әркім қалағанын істей алады. Егер сіз жұлдызды немесе басқа нәрсені зерттегіңіз келсе, барлығы қолыңыздан келеді, өйткені қалғандарының бәрі реттелген».
Айшуақ Қонаров телефонды ұйқы кезінде жастықтың астында орналастыру ыңғайлы болғанымен, жақсы идея емес екендігін ескертті. Оның айтуынша, аккумулятордың ішіндегі тұрақсыз материалдар дұрыс қолданылмаса, үлкен қауіп төндіреді: «Телефон зарядталып жатқанда катодты материалдар тұрақты болмайды. Егер жанама реакция болса, олар жарылуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіз жерде болу үшін, телефонды төсегіңізден кемінде бір метр қашықтықта ұстаған дұрыс».
Мағыналы әңгімеге қосылыңыз! Бізбен бірге әлемді танудың керемет мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!