НУ түлектері КВИ жұқтыру қаупін бағалау үшін тест әзірледі
Назарбаев Университетінің түлектері үйде COVID-19 жұқтыру ықтималдығын бағалайтын “ақылды” тест әзірледі. Тесттің жұмыс қағидаты нейрондық желіге – жасанды интеллект технологиясына негізделген. Жобаны әзірлеушілер тобында Nazarbayev University Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (ИЦҒМ) бакалавриат бағдарламаларының түлектері Юсуп Тумгоев және Аманжол Шунгеев бар.
Жаңалықтың түпнұсқасы орыс тілінде қол жетімді.
Дереккөз: Елорда Ақпарат