Назарбаев Университеті Қазақстандағы саяси коммуникациялар туралы кітап шығарды

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің ғалымдары Қазақстандағы саяси ахуалға негізделген кейс-стадиялары бар «Қазақстандағы саяси коммуникация бойынша нұсқаулық» кітабының авторлары

2019 жылы 12 қарашада «Қазақстандағы саяси коммуникациялар бойынша нұсқаулық» кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың авторлары Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебінің шақырылған профессоры Баскаран Наир, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің ассистенті доктор Салтанат Джаненова және Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің PhD докторанты Балжан Серікбаева. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Ғани Нығыметов, баспасөз хатшылары, министрліктердің баспасөз қызметтері мен байланыс бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік органдар мен жеке сектор өкілдері, академиялардың профессорлары мен студенттері, медиа сарапшылар, қоғаммен байланыс мамандары, ғалымдар мен студенттер қатысты.

«Қазақстандағы саяси коммуникациялар бойынша нұсқаулық» коммуникацияны мемлекеттік саясаттың сәтті жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін басты бастама ретінде қарастырады.

Кітап тақырыптарының кең ауқымы медиа-менеджментті, кешенді саясат маркетингін, табысты науқандарды жоспарлауды, «жұмсақ күшті» басқаруды, дағдарысты басқаруды және акционерлермен коммуникацияларды қамтиды.

Кітап теориялық базаға да, сондай-ақ практикалық мысалдарға да негізделген және мемлекеттік қызметтің, қоғамдық ұйымдардың, коммерциялық ұйымдардың қызметкерлері, саясаттанушылар, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ байланыс саласында жұмыс істейтін және қызығушылық танытатын барлық адамдар үшін өзекті болады. 

Кишоре Мадхубани, декан, Мемлекеттік саясат мектебінің негізін қалаушы Ли Куан Ю Сингапур Ұлттық университетінің сарапшысы өз пікірінде: «Біз тез өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз және мемлекеттік саясат барынша күрделене түсуде. Халықтың арасында көпшіліктің қолдауына ие болу үшін үкіметтер коммуникациялар өнерін үйренуі тиіс. Басскаран Наир – Сингапурдағы ең тәжірибелі саяси коммуникациялар бойынша ең тәжірибелі сарапшылардың бірі. Назарбаев Университетінде әріптестерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, ол тамаша кейстері бар өзекті кітап шығарды. Бұл кітапты Қазақстанның және Орталық Азияның басқа да елдерінің саясатты қалыптастыратын негізгі тұлғалары міндетті түрде оқып шығуы керек»,- деп атап көрсетті.

«Қазақстандағы саяси коммуникациялар бойынша нұсқаулық  оқырманға саясатты қалыптастыру мен іске асырудың күрделілігін анықтауға көмектесетін практикалық мысалдары бар берері көп кітап. Отыз жылға жетер-жетпес тарихы бар және көптеген сын-қатерлерге бетпе-бет келіп отырған жас ел ретінде Қазақстан мемлекеттік саясатты іске асыруда әлемдегі таңдаулы елдердің бірі болуға ұмтылады. Саясатты іске асыру және тиімді коммуникация туралы осы кітап Қазақстанда және өңірде саясатты қалыптастыратын тұлғалар үшін жаңашыл үлес болып табылады»,- деді  Ержан Ашықбаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Панос Ливеракос, БҰҰДБ кеңесшісі / Мемлекеттік қызметтің  Астанадағы хабы: «Бұл кітап посткеңестік кеңістіктегі елдерде заманауи коммуникациялық әдістер туралы білім тым шектеулі,  бұнда әлі күнге дейін ақпаратты үкіметтің нұсқаулары мен жоғары лауазымды тұлғалардың ресми мәлімдемесі түрінде жеткізу әдетке айналған салаға бағалы үлес қосады. Нұсқаулық ретінде бұл кітап саясатпен және мемлекетпен байланысты әлеуметтік ғылымдардың бірнеше салаларын оқытуда пайдаланылуы мүмкін».

Анықтамалық ақпарат:

Профессор Басскаран Наир Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінен арнайы шақыртылған Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры. Ол «Қазақстандағы саяси коммуникация бойынша оқу құралы» (2019), «Мемлекеттік саясаттың маркетингі: күрделілік, ауырсыну және миналанған алаң» (2017) және «Сингапурдағы қоғаммен байланыс бойынша оқу құралы» (1986) сияқты бірнеше кітаптардың авторы. «Сингапурдағы қоғаммен байланыс жөніндегі оқулық» Сингапурде қоғаммен байланыс жөніндегі мамандарды даярлауға арналған оқулық ретінде қолданылған. 90-шы жылдардың аяғында ол тағы да әлеуметтік медиа тақырыбында «Негізгі көшеден бастап кибер көшеге дейін: коммуникациялар тәжірибесіндегі өзгерістер» деген атаумен бірқатар кітаптар жазды. Профессор Баскаран бұған дейін Сингапурдың  Қоғаммен байланыс институтының президенті болған. Еңбек жолының басында ол журналист болып жұмыс істеді, содан кейін 40 жылдан астам уақыт бойы қоғаммен байланыс, акционерлік коммуникациялар, әлеуметтік және корпоративті маркетинг коммуникациялары бойынша науқандар мен бағдарламаларды басқарды, қоғаммен байланыс жөніндегі кеңестің жұмысына қатысты.

Доктор Салтанат Джаненованың Қазақстан мен Орта Азиядағы мемлекеттік секторды реформалау жөніндегі жұмысы халықаралық ғылыми журналдарда жарияланды.

ЖМСМ. Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) миссиясы адамдардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды түбегейлі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсіну мен жүзеге асыруға оқып үйрету болып табылады. 2012 жылы ЖМСМ ашылған сәттен бастап Сингапур Ұлттық университетінің «Ли Куан Ю» мемлекеттік саясат мектебімен сенімді стратегиялық әріптестікті қолдап келеді. Біз бірлесіп ЖМСМ- нің Орталық Азиядағы таңдаулы мемлекеттік саясат мектебі ретінде орнығуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. ЖМСМ бағдарламалары мемлекеттік саясат саласындағы магистратураны, мемлекеттік басқару саласының магистратурасын, мемлекеттік саясат саласындағы докторантураны қамтиды. 2019 жылы ЖМСМ Мемлекеттік және муниципалды басқарудағы бағдарламаларды аккредиттеу бойынша Еуропалық қауымдастықтан (EAPAA) ресми аккредитация алды. www.gspp.nu.edu.kz