Назарбаев Университеті – БҰҰДБ: гендерлік теңдік және харассментке қарсы іс-қимыл туралы ашық әңгіме
Назарбаев Университеті мен БҰҰДБ гендерлік теңдік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша алғашқы кездесуін өткізді. Онлайн дөңгелек үстел барысында тараптар жұмыста, оқуда және әлеуметтік өмірде тең мүмкіндіктер мен қауіпсіз жағдай жасау жөніндегі іс-қимылдар жоспарын талқылады.
Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу өзінің құттықтау сөзінде кампуста “қоғамдастықтың барлық мүшелері жұмыс істей алатын және қорықпай оқи алатын өзарасыйластық атмосферасын құру өте маңызды” деп атап өтті.
Өз кезегінде, БҰҰДБ өкілдері ұйым қызметінің барлық салаларында, соның ішінде бағдарламаларды әзірлеу, серіктестік, коммуникация, сондай-ақ менеджмент, жұмыс атмосферасы және қызметкерлердің құзыреті бойынша гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша өздерінің корпоративтік тәжірибелері туралы айтып берді. БҰҰДБ сондай – ақ өзінің жаңартылған Әдеп кодексін ұсынды, оның негізгі мақсаты-БҰҰДБ этикалық стандарттарды ілгерілету, нығайту және қолдау, сондай-ақ қызметкерлерге жұмыста да, одан тыс жерлерде де этикалық шешімдер қабылдауға көмектесу.
БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш өз сөзінде дөңгелек үстел тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті: “Қауіпсіздік пен әділеттілік мәдениетін қалыптастыру этикалық құндылықтарды нығайтудан, сондай-ақ оларға сәйкес әрекет ету қабілетінен басталады. Бүгінгі іс – шара Назарбаев Университетіне өзінің құндылықтары мен жоғары этикалық стандарттарға адалдығын көрсетудің керемет тәсілі деп санаймын, бұл Қазақстандағы барлық білім беру саласы үшін ықтимал стандарттарға айналуы мүмкін”.
Кездесуде Назарбаев Университетінің студенттері де сөз сөйлеп, университеттің бастамашыл тобы әзірлеп жатқан анти-харассмент бойынша саясатты құрудың алғашқы табыстары туралы әңгімеледі.
НУ – БҰҰДБ форматындағы алғашқы кездесуді қорытындылай келе, Президент Катсу студенттер, оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлер арасында сенім атмосферасын құруға мүмкіндік беретін кешенді институционалдық реформаларды жүргізу қажеттілігі туындағанын атап өтті. Жаңа енгізулердің ішінде оқытушылар мен қызметкерлерге арналған міндетті тренингтерді өткізу, Омбудсман институтын құру, сондай-ақ Әдеп кодексі мен анти-харассмент бойынша саясатты пысықтау жоспарланған.
Кездесу соңында Катсу мырза БҰҰДБ өкілдеріне алғысын айтып, тәжірибе алмасу бойынша бұл кездесу көптің бірі болатынына сенім білдірді.