НУ ғалымдары қақтығыстардан зардап шеккен елдерде білім сапасын арттыруды қолдаудағы жоба бойынша грант алды

НУ зерттеушілері, профессор Наурин Дуррани (Жоғары білім беру мектебі) және Доктор Хелен Тибо (Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі) үш халықаралық университетпен ынтымақтастықта беделді және бәсекеге қабілеттілігі жоғары грантты жеңіп алды. Олардың жобасын Global Challenge Research Fund (GCRF) және Research and Innovation (UKRI) (Ұлыбритания) қаржыландырды.

“PEER Network” жобасы – бұл төрт университет – Назарбаев Университеті, Сассекс университеті, Ольстер Университеті және Кейптаун университеті жүзеге асыратын – қақтығыстан зардап шеккен елдердегі білім беруді саяси талдаудың сапасын арттыруға бағытталған үш жылдық бастама. Жобаның негізгі мақсаты ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі саясаткерлер мен тәжірибешілерге қақтығыстар мен дағдарыстар жағдайында балаларға пайда әкелетін білім беру саласында әлеуметтік әділ шешімдер қабылдауға көмектесетін білім беру жүйесін саяси экономикалық талдауға сыни және жергілікті негізделген тәсілді әзірлеу болып табылады. Жоба профессор Дурранидің білім беру, қақтығыстар мен әлеуметтік келісім арасындағы өзара байланыс туралы алдыңғы зерттеулеріне негізделген.

Профессор Дуррани доктор Тибомен ынтымақтастықта бүкіл Орталық Азия бойынша білім беру саласындағы сараптамалық білімдерді саяси-экономикалық талдаудың өңірлік орталығын (PEA) әзірлеуге басшылық жасайтын болады. Профессор Дуррани мен Доктор Тибо Орталық Азиядағы саяси-экономикалық зерттеулерге шолу жасайды және саяси-экономикалық талдау бойынша табысты зерттеу топтарының тәлімгерлері болады. Екі тарап зерттеуге негізделген жиынтық есеп дайындайды, сондай-ақ қақтығыстан зардап шеккен елдердегі балалар мен жастардың мүдделеріндегі саяси экономикалық талдау саласындағы жаһандық тәжірибенің өзгеруіне әсер ету үшін зерттеу нәтижелерін Орталық Азия елдерімен және жаһандық деңгейде бөліседі.

Профессор Дуррани атап өткендей: “Бұл жоба білім беру жүйесін зерттеушілер, белсенділер, саясаткерлер мен азаматтық қоғам ұйымдары үшін жаңа идеялар тудырып, білім беру жүйесін дамыту арқылы Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік әділеттілік пен бейбіт құрылысты қамтамасыз етудің инновациялық және жергілікті деңгейде негізделген тәсілдерін әзірлеу үшін өз тәжірибелері мен білімдерімен бөлісетін орталыққа айналады”.