Назарбаев Университеті мектептерінің қайта құрылу туралы
Құрметті Назарбаев Университеті қауымдастығы,
Қамқоршылық Кеңесінің шешіміне сәйкес (2019 жылғы 1 сәуірдегі № 36 шешім) Назарбаев Университеті мынаны хабарлайды:
1. Жоғары білім мектебі (Graduate School of Education) өзінің құқықтық мәртебесін өзгертті және Назарбаев Университетінің құрамына енді;
2. Инженерия мектебі (School of Engineering ), Ғылым және технологиялар мектебі (School of Science and Technology) және Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (School of Humanities and Social Schience s) Назарбаев Университетінің құрамында екі жаңа мектепке қайта құрылды:
– Инженерлік және сандық ғылымдар мектебі (School of Engineering and Digital Sciences);
– Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (School of Science and Humanities).
Бұл қайта құрылымдаудың мақсаты – жаңа және қолданыстағы білім беру бағдарламаларын қайта қарау, біздің ғылыми жобаларымыздың санын көбейту және академиялық аккредитация алу үшін тиімді алаң құру.
Сұрақтар туындаған жағдайда, тиісті Деканға немесе Деканның орынбасарына, сонымен қатар мектептің кафедра меңгерушілеріне хабарласыңыз.
Жаңа оқу жылына ізгі тілекпен,
Провосттың офисі