Назарбаев Университеті мен оның ғалымдары ғылымға қосқан үлесі үшін беделді марапаттарға ие болды

Назарбаев Университеті мен оның ғалымдары ғылымға қосқан үлесі үшін беделді марапаттарға ие болды. Clarivate Analytics компаниясы өзінің жыл сайынғы Web of Science Award сыйлығын қорытындылады. Оның нәтижелері бойынша Назарбаев Университеті “Қазақстан Республикасының университеттері арасында соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасының университеттері мен ғылыми ұйымдары арасында жариялау белсенділігі бойынша көшбасшы” санатында құрметті марапатқа ие болды.

“Біз бұл марапатты жеңіп алғанымызға өте қуаныштымыз. Әрине, біз Қазақстанның басқа университеттерімен ынтымақтасуға, басқа жоғары оқу орындарының профессорларымен және студенттерімен бірігуге, бірлесіп жұмыс істеуге, зерттеулер жүргізуге әрқашан қуаныштымыз, олардың нәтижелері сайып келгенде қазақстандықтардың экономикасы мен әлеуметтік өмірін жақсартуға мүмкіндік береді”, – деді НУ Провосты Илесанми Адесида.

Бұл беделді марапат – Назарбаев Университетінің үшінші жыл қатарынан Орталық Азия мен Кавказдың университеттері мен ғылыми ұйымдары арасында жариялау белсенділігі бойынша көшбасшыға айналғанын растау.

Сондай-ақ, Университет ғалымдарына жеке наградаларды тапсыру да үлкен оқиға болды. Биылғы жылы  НУ-дың 7 зерттеушісі Web of Science Award сыйлығының иегерлері атанды:

Жұмабай Бәкенов пен Әлия Мұқанова “Нанотехнология” пәні саласында марапатқа ие болды – олардың ғылыми жұмыстары әлемдегі ең көп дәйексөз келтірілгендердің 1% – ына кірді.

“Қоғамдық ғылымдардағы жарияланымдық белсенділік” санатындағы марапаттарды Әлия Қожабекова мен Мақсат Қасен алды.

Тимур Атабаев, Руслан Календарь және Әбдіжаппар Гаипов “Халықаралық ғылыми журналдардағы жетекші рецензент” санатында марапатқа ие болды.