Назарбаев Университеті қашықтықтан оқыту режиміне көшуде

6 сәуірден бастап Назарбаев Университетінің барлық студенттері үшін сабақтар онлайн режимінде басталды.  Ноутбуктер қажет болған барлық студенттерді Назарбаев Университеті ақысыз негізде ноутбуктермен алдын ала қамтамасыз етті.

Онлайн сабақтар университеттің Moodle, Zoom, Qualtrics, Google Hangouts, Adobe Connect, Active Presenter, Audacity, PowerPoint оқу ресурстарын;  электронды журналдар мен кітаптарын, Инновациялық оқу орталығының ресурстары мен оқулықтарын  пайдаланып жүргізілетін болады. НУ Кітапханасының да өзінің барлық қызметтерін онлайн-режимге ауыстырғанын атап көрсетеміз.

Назарбаев Университеті “ашық кітап” емтихандарын, тақырыптық зерттеулерді, топтық сұхбаттарды, эсселерді, бейне-бағалауды және ғылыми жұмыстарды қоса алғанда, онлайн бағалау жүйесін әзірледі. Бұған қоса, Назарбаев Университеті оқу ресурсының онлайн курстарына қол жеткізу үшін Coursera интернет платформасымен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуде.

 “Университеттер бірдей проблемалармен бетпе-бет келді. Бұл онлайн-оқытуға және бағалауға ауысу, қабілетті студенттерді жинауды қамтамасыз ету, көктемгі және одан кейінгі жазғы семестрді аяқтауға арналған кесте жасау, жаңа оқу жылында болуы мүмкін жанама әсерлер, студенттер мен оқытушылардың әр жерде орналасуы, студенттер белсенділігінің арта түсуінің қажеттілігі және қоғамдастыққа қамқорлық жасау, практикадан өту мәселелері және кампустағы өмірді қалпына келтіру тәсілдері. Алайда, ең маңыздысы университеттер, сондай-ақ талдау, диагностикалау, емдеу, техникалық инновациялар және қоғамға қызмет ету арқылы COVID-19 еңсеру бойынша ұлттың күш-жігеріне қандай үлес қоса алатынын көрсетті. Басқаша айтқанда, университеттер өздері бәрінен де жақсы істей алатын – миды жұмыс істеуге қалай мәжбүрлей алатынын көрсетті,” — деп қадап айтты Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу мырза.

Назарбаев Университетінің барлық дерлік студенттері Нұр-Сұлтанда карантин  жарияланғанға дейін кампустан кетті. Ерекше жағдайларда ғана  студенттерге жатақханаларда қалуға рұқсат берілді (шетел азаматтары).

Назарбаев Университетінің пандемия кезінде қолға алған шаралары туралы толығырақ мына жерден білуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, НУ сайтында COVID-19 арнайы беті ашылды, онда студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер “жиі қойылатын сұрақтар” секциясында өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап таба алады.