Назарбаев Университеті жоғары білімнің жаһандық сын-қатерлері туралы кітабын ұсынды
«Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар» кітабы – Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сүлейменова, Руслан Қаратабанов, Дункан Пристли және Қайрат Құракбаев бірлесіп жазған, Провост кеңсесінің Институционалдық тиімділік бөлімінің және Жоғары білім беру мектебінің бірлескен жобасы.
Авторлар жоғары білім берудің қазіргі рөлі туралы пікірталасқа бастамашы болды және Назарбаев Университетінің тәжірибесіне негізделген жоғары білім берудің негізгі аспектілерін жетілдіру бойынша кеңестер мен ұсыныстар берді. Бұл басылым білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысатын барлық мүдделі тараптар үшін қызықты болады.
Кітап Жоғары білім беру мектебінің сайтында қолжетімді. Қазақша нұсқасын мына сілтемеден жүктеуге болады. Орыс тіліндегі нұсқасы мына жерде қолжетімді.