NU ISSAI ғылыми қызметкері Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясының иегері атанды
ISSAI ғылыми қызметкері Жанат Махатаева Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясын жеңіп алды. Microsoft Research PhD стипендиясы – бұл компьютерлік зерттеулер мен есептеу техникасы саласындағы дарынды PhD студенттеріне арналған әлемдік бағдарлама. Стипендия иегерлеріне докторлық зерттеу жұмыстарын қолдау үшін 15 000 АҚШ доллары беріледі. Стипендиаттарға сондай-ақ шетелдегі Microsoft компьютерлік зертханаларында 12 апталық ақылы тағылымдама ұсынылады.
Осы жылы стипендия Стэнфорд, Цинхуа университеті, Принстон, Иллинойс Урбана-Шампейн университеті, Оксфорд және Вейцман ғылым институты сияқты, әлемнің ең үздік университеттерінің 49 студентіне ғана берілді. Жанат осы стипендияның Қазақстаннан шыққан алғашқы иегері.
Соңғы екі онжылдықта Microsoft Research PhD Fellowship бағдарламасы бүкіл әлем бойынша 700-ден астам стипендиаттарға стипендия берді, олардың көпшілігі Microsoft-та жұмыс істеуді жалғастырды немесе ізашарлық зерттеулер жүргізуді жалғастыруда.
Жанат – Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің робот техникасы саласындағы үшінші курс PhD студенті, профессор Хусейн Атакан Варолдың жетекшілік етеді. Ол өз зерттеулерін НУ ARMS зертханаларында және ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтында (ISSAI) жүргізеді. Оның жұмысы кеңейтілген нақтылық (AR) және жасанды интеллект көмегімен адамның есте сақтау және қабылдау қабілеті жақсартуға байланысты. Осы зерттеудің нәтижелері деменция немесе Альцгеймер ауруынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету технологиясын дамытуға көмектеседі. Жанат өзінің зерттеулері үшін Microsoft HoloLens цифрлық көзілдірігін қолданады, онда AR ортасында объектілерді тану және пайдаланушылардың орналасқан жерін анықтау үшін компьютерлік көру алгоритмдерін қолданады.
“Мен адамның есте сақтау, көру және есту қабілетін жақсартатын жүйелерді жасау үшін кеңейтілген нақтылықтың заманауи мүмкіндіктерін, жасанды интеллект және Microsoft HoloLens-тің цифрлық көзілдіріктерін пайдалануға тырысамын. Болашақта мен бет/дауыс, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін жетілдірілген қолдау жүйесін құруды жоспарлап отырмын”, – дейді Жанат.
Майкрософттың қолдауымен Жанат когнитивтік бұзылулардан зардап шегетін адамдар үшін өзінің зерттеулері мен жүйелік даму мүмкіндіктерін кеңейтуге ниетті.
“Microsoft стипендиясы зерттеуші ретінде менің кәсіби дамуымды едәуір арттырады. Бұл маған ең жақсы тәжірибені алуға және өз зерттеулеріммен халықаралық зерттеу қауымдастығымен бөлісуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі НУ – дағы тамаша зерттеу ортасы, тәлімгерлік және білім беру арқылы мүмкін болды”, – деді Жанат.