Назарбаев Университетінде «Абай оқулары» сайысы өтті
Назарбаев Университетінде 21-ақпан күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған студенттер арасында «Абай оқулары» атты сайыс өтті. Бұл сайыстың мақсаты: ұлы ақын, ойшыл, философ, әлемдік феномен Абай даналығына жастардың қызығушылығын ояту, Абай даналығының сырын білуге, зерттеуге тарту. Ең басты мақсат– студенттердің ақын шығармаларын терең түсініп, жаттап, бойларынан өткізіп, жүректеріне ұялатуы.
Рухани жаңғыру мәдени орталығының директоры Гүлтас Құрманбай әділқазылар алқасына, студенттерге, қонақтарға сайыстың ережесі мен шарттарын түсіндірді. Сайысқа түсетін жыр сүйер студенттерге сәттілік, жеңіс тіледі.
«Абай оқулары» 3 номинация бойынша өткізілді. Бірінші – Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқу сайысы, екінші – Абай әндерін орындау, үшінші – ақынның өлеңдерін шет тілдерге аудару.
«Абай оқуларына» елуге тарта Назарбаев Университетінің студенттері магистранттары қатысты. Жарысқа түскен студенттерді әділ бағалау мақсатында әділқазылар сырттан шақырылды.
Әділқазылар: Алтынай Нөгербек – театр және кино актрисасы, Мемлекеттік сыйлықтың, Қазақстан жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты; Аскер Пириев – ҚХА мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы «Ахыска» түрік мәдени орталығының төрағасы, Назерке Жұмабай «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінің журналисті.
Жүзден жүйрік атанып, бәйге алған студентер:
1-орын иегерлері: Әнел Еркінбек, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 3-курс студенті, Медет Еркін, тау-кен жəне жер туралы ғылымдар мектебінің 2-курс студенті, Мөлдір Бижанова, жратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 2-курс студенті.
2 – орын иегерлері: Назерке Лес, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 3-курс студенті, Аймедет Тауфик, Foundation бағдарламасының студенті, Марлен Қосақов, инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 2-курс студенті, Данияр Ниетқалиев, инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 3-курс студенті, Мөлдір Атенова, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 3-курс студенті.
3 – орын иегерлері: Аяжан Сейданова, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 2-курс студенті, Бекжан Жолдас, инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 2-курс студенті, Айбек Асылғазы, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 2-курс студенті, Эльмира Жұмабаева, инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 4-курс студенті, Саян Катренов, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 4-курс студенті, Мадина Өткел, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 3-курс студенті, Зере Қабдығалиева, тау-кен жəне жер туралы ғылымдар мектебінің 2-курс студенті.
«Ұлы Абайдың рухына арналған «Абай оқулары» жыр сайысы соншама жылы, көңілді атмосферада өтті, конкурстан тыс қатысушылар Абай әндерінен попури, халық әндерін орындап кештің салтанатын өсірді. Кеш өз мақсатына жетті, сайықа қаысушылар да, тыңдарман қауым да кештен жақсы әсер алды деген ойдамын», – деді Гүлтас Құрманбай.
Жастардың рухани дамуына тілектес Халықаралық Түрк академиясы жеңімпаздарымызға ең қажетті құнды кітаптарды сыйға тартты.
Іс-шараны Назарбаев Университеті Рухани жаңғыру мәдени орталығы ұйымдастырды. «Абай оқулары» жарысының тамаша боп өтуіне ат салықан НУ әкімшілігіне, Қазақ тілі және түркі тану кафедрасының оқытушы-профессорларына және барша қатысушыларға өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз.