Foundation бағдарламасына 2020-2021 академиялық оқу жылына ақылы оқуға түсу үшін онлайн тіркелу ашылды!

Нау 2, 2020

Тіркелу 2020 жылдың 2 наурыз бен 15 маусым аралығында өтеді (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59 дейін). Тіркелу үшін admissions.nu.edu.kz порталында жеке кабинет құрыңыз, тіркеу жарнасын төлеңіз, талапкер өтінім-сауалнамасын толтырыңыз және кажетті құжаттарды жүктеңіз.

Нұсқауларды электондық пошта бойынша алу үшін төмендегі форманы толтырыңыз.

Маңызды:

  • Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL және SAT/ACT сертификаттарын тапсыру үшін, ресми электронды нәтижелер Тест Әкімшілігінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Сонымен қатар, сертификаттардың сканерленген көшірмелерін өзіңіздің жеке кабинетіңізге жүктеңіз. 
  • Тесттер үшін Назарбаев Университетінің кодтары (Institutional Code):
    • IELTS – Nazarbayev University;
    • TOEFL – 6762;
    • SAT with essay – 7915;
    • ACT with writing part – 5521. 
  • Берілген тесттер келесі мерзімдерге дейін тапсырылуы қажет: 
    • IELTS/TOEFL – 2020 жылғы 13 маусым
    • SAT Reasoning with essay – 2020 жылғы 2 мамыр 
    • ACT with writing part – 2020 жылғы 13 маусым 
    • Тест нәтижелерін тапсыру соңғы мерзімі 2020 жылғы 3 шілде. 

Осы сілтеме арқылы конкурсқа қатысу талаптары жайлы «Ақылы оқуға түсу» бөлімінде танысуға болады.