НУ кампусында қоқысты бөлек жинау: бастамашылықтан іске асыруға дейін
Бүгінгі таңда қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу күнделікті тұрмыстың міндетті элементі болып отыр.
Баршаға белгілі, қоқыстарды бөлек жинау барлық тұрмыстық қалдықтардан қайта өңдеу және қайтадан пайдалану үшін жарамды пайдалы материалдарды бөліп алу үшін қажет.
Көбінесе қоқыстың жартысынан астамы өңделетін қалдықтарды құрайды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бірнеше міндеттерді шешеді:
- жаһанда қоқыстың жалпы санын қысқартады,
- шикізатты қайта қолдану есебінен тұтынылатын табиғи ресурстардың санын төмендетеді,
- экологиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етеді,
- екінші рет қайта өңдеуге жұмсалатын шығындарды азайтады.
Назарбаев Университетінде қоқысты бөлек жинау жүйесі және оны кейіннен қайта өңдеуге беру 2016 жылдан басталады. 2016 жылы университетте макулатура жинау басталды. Содан кейін 2018 жылы кәдеге жарату үшін батареялар мен шамдар жинай бастады. 2019 жылы қайта өңдеу үшін шыны жинау басталды.
2020 жылы кампуста металға арналған қоқыс бактарын орналастыру және компостирлеу жоспарлануда.
Green Campus және қоршаған ортаны дамыту офисі 2019 жылы кампус аумағында қоқысты бөлек жинау нәтижелерімен бөлісті:
- Кампуста 14 тоннадан астам қағаз жиналып, қайта өңдеуге жіберілді (мысалы, 2018 жылы 12 тонна қағаз қайта өңдеуге жіберілді).
Жиналған қағаз қалдықтары мен картон қайта өңдеуге Алматыдағы «Kagazy Recycling» компаниясына жіберілді. Бұл компания Қазақстан мен Орта Азиядағы орау өнімдері мен гофр картондарының ірі өндірушісі болып табылады.
Вебсайт:http://kagazy.kz
- Сонымен қатар кампуста шамамен 1,4 тонна пластик жиналып, қайта өңдеуге жіберілді (2018 жылы 1 тонна пластик жиналды).
Пластикалық, полиэтилен және ПЭТ контейнерлері Петропавлдағы «Green Park» ЖШС-де қайта өңделеді.
Компания туралы ақпарат сілтеме бойынша.
- Бұдан басқа 1 тоннадан астам шыны жиналып, қайта өңдеуге жіберілді.
Кампуста жиналған шыны Алматы қаласындағы «ALMATYSTEKLO» шыны зауытына өңдеуге жіберіледі. Бұл Қазақстандағы бірден бір шыны зауыты.
Веб-сайт: http://almatysteklo.kz/
- 2019 жылы кампуста 4911 батарея мен аккумулятор жиналып, қайта өңдеуге жіберілді (2018 жылы шамамен 1450 батарея жиналды).
Пайдаланылған батареяларды ПромТехноРесурс компаниясы жинайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда қолданылған барлық батареялар инертті күйде бетон қораптарда сақталады. Бұл уақытша шешім қалдықтарды арнайы зауыттарға жібергенге дейін қоршаған ортаны ластауға жол бермей ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді.
Веб-сайт: http://tresurs.kz/
- Кампуста 10 100-ден астам сынап бар шам жиналып, қайта өңдеуге жіберілді (2018 жылы 3,300 сынап бар шам жиналды).
Бұл шамдар «КазэкотехАстана ҒТП» ЖШС зауытына жіберіледі. Осы зауытта термодемеркулизация әдісі құрамында сынап бар қалдықтардың барлық түрлеріне қолданылады.
Іс жүзінде, қоқысты бөлек жинау қиын емес. Өз қоқысыңды сұрыптау әдеті өте тез қалыптасады. Ғаламшарды одан әрі үлкен қоқыс үйіндісіне айналудан сақтап қалу үшін бүгінгі күні осы пайдалы дағдыларға ие болып, әр текті қалдықтарды бөлек тастаудың пайдалы дағдыларын бүгін үйрену керек. Бұл басқа адамдарға: ересектерге де, балаларға да жақсы үлгі болады.
Green Campus және қоршаған ортаны дамыту Офисі НУ қоғамдастығының барлық өкілдеріне университет кампусына барынша экологиялы болуға көмектесетін ынта-жігері үшін алғыс білдіреді!