Назарбаев Университетінде Қазақстандағы пандемия бойынша төрт болжам жасалды

Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) зерттеушілері Қазақстандағы коронавирус індетіне қарсы күрестің 4 стратегиясын әзірледі. Өзінің жаңа әзірлемесін, Қазақстанға арналған COVID-19 симуляторын пайдалана отырып, ғалымдар келесі нәтижелерді көрсетті:

Бірінші сценарий бойынша – елдегі қатаң карантиндік режим жалғасуда. COVID-19 байланысты өлім саны барлық сценарийлердің  арасында ең төменгі (37) болып саналады, бірақ эпидемия 2020 жылдың күзіне дейін жалғасатын болады. Бұл сценарийдің теріс салдары экономикалық құлдырау, жұмыссыздық, инфляция, ұзақ оқшаулаудың кесірінен психологиялық проблемалар және аз қозғалыстағы өмір сүру салтына байланысты басқа да проблемалар болып табылады. 

Екінші  сценарий – карантиннің тоқтатылуы және қалыпты өмірге оралу. Осы сценарий бойынша қатаң шаралар 2020 жылдың 14 сәуірінде тоқтатылады деген болжам жасалған болатын. Адамдар қолды жиі жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты ережелерді орындауға тырысатын болады, бұл   өз кезегінде  аурудың таралу жиілігін төмендетеді. Алайда, нәтижелер көрсеткендей, қоғам қалыпты жағдайға оралғаннан кейін, инфекциялар мен өлім саны күрт өсе бастайды (барлық сценарийлердің ішіндегі ең көп өлім саны).

Сондықтан үшінші сценарий әзірленді. 2020 жылғы 14 сәуірден бастап  «жаңа қалыпты өмірді» дайындау және құру. Өлім деңгейін төмендету үшін шаралар қолданылады, мысалы, ауруханалардың сыйымдылығын және сыни жабдықтар мен өкпені жасанды желдету аппараттар санын арттыру, сондай-ақ аурудың берілу жылдамдығын төмендету, мысалы, қоғамдық көлік және сауда орталықтары мен азық-түлік дүкендері сияқты жанданған орындарға бару үшін маскаларды міндетті кию шаралары қолданылатын болады. Нәтижелер 2-сценарийде көрсетілгеннен әлдеқайда жақсы, бірақ бұл COVID-19 індетін толық бақылау үшін жеткіліксіз болды. 

Осылайша, №3++ атты төртінші сценарий үлкен деректерді талдаумен қатар «жаңа норманың» үйлесімін білдіреді. Бұл сценарийде COVID-19 таралуына қарсы күрес үшін арнайы ұлттық қосымша әзірленеді, ол смартфондардың көмегімен инфекцияны жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдардың орналасқан жері туралы деректерді пайдалана отырып, оларды бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, аталған қосымша инфекцияны жұқтырған адаммен байланыста болған адамдарды бақылай алады және оларға өзін-өзі оқшаулауды ұсынады, демек инфекцияның таралу жылдамдығын төмендетеді. Әрбір адамның орналасқан жері туралы ақпарат деректерді өңдеу орталығында сақталады және нақты уақыт режимінде қоғамдық денсаулық сақтау мақсатында ғана пайдаланылуы тиіс.

Осы сценарий бойынша алынған нәтижелер көрсетіп отырғандай, ауқымды тестілеу мен байланыстарды қадағалаудың арқасында індетті бақылауға болады. Дегенмен, барлық азаматтарды қадағалау үшін смартфонның орналасқан жерін бақылауға арналған  міндетті қосымша қажет.

Толық ақпарат Youtube-ISSAI арнасында жарияланған: 

Естеріңізге сала кетейік, симуляторда Қазақстан өзара байланысты 17 тораптан (14 облыс және Республикалық маңызы бар 3 қала) тұратын карта түрінде ұсынылған. Симулятор әр түрлі параметрлерден тұратын әртүрлі сценарийлердің негізінде аурудың таралуын көрсетеді. Параметрлерге байланысты стимулятор әртүрлі сценарийлер үшін нәтижелерді шығаруы мүмкін, ал аурудың таралуы интерактивті картада визуализациялануы мүмкін.

Назарбаев Университетінің пандемия кезінде қолға алған шаралары туралы толығырақ мына жерден білуге болады.

Сонымен қатар, НУ сайтында COVID-19 арнайы беті ашылды, онда студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер “жиі қойылатын сұрақтар” секциясында өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап таба алады.