Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі өзінің алғашқы магистірлерін шығарды.
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі өзінің алғашқы магистірлерін шығарды. Университеттің 46 студенті жоғары және орта білімдегі мамандандырумен білімді басқару саласында ғылым магистрлері атанды.
Салтанатты мерекеге ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қатысты. Түлектерді құттықтай отырып, ол “Сендер Жоғары білім беру мектебіне түсу үшін қиын сайыстан өттіңдер, әлемдегі басты университеттердің стандарттарына сәйкес оқыдыңдар және жақсы білім алдыңдар”, – деді. ” Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі ашылғаннан кейін білім саласында Қазақстан үшін қажетті әрі жаңа магистратура және докторантура бағдарлмалары бойынша білім алу мүмкіндігі туды. Қазір казақстандық білім беру жүйесіне қиын мәселелерді шешетін жоғары санаттағы мамандар қажет. Сондықтан сіздерге үлкен үміт артылады,- деп атап көрсетті Аслан Сәрінжіпов.
Нұрлан Жәнібек барлық магистранттарының атынан Жоғары білім беру мектебі профессорларына студенттерге өздерінің еңбегін сіңіргендері үшін алғысын білдірді. Ал магистратураның бірінші курс студенттіріне бұл мектепте оқу және әлеуетті ашу үшін барлық мүмкіндіктер жасалғанын айтты. “Сендердің күніне жүздеген бет оқуларыңа және талдауларыңа, мыңдаған сөзден тұратын эссе жазуларыңа тура келеді, – алайда қорықпаңдар”, – деді Нұрлан оларға.
Түлектердің бірі Айсұлу Санат магистратура бағдарламасының қиын болғанын, сонымен қатар ерекше қызық болғанын атап көрсетті. “Қалыптан тыс ойлауды үйреніп, өте күрделі материалды меңгеріп, біз бұл бағдарламаны сәтті тәмамдадық. Біз – бірінші түлектерміз және біз еліміздің білім жүйесіндегі өзгерістердің көшбасшылары боламыз”, – деп ол өз ойын осылай білдірді.
Сонымен қатар сөйлеушілер Мектептің ашылуы туралы шешім қабылданғаннан бастап, университет ұжымы оның құрылуына байланысты жұмысқа құштарлықпен ат салысты.
Мектептің профессорлік- оқытушылық құрамының мүшелері бүкіл әлемнің ең жақсы оқытушылары болып табылады. Олардың барлығының ғылыми дәрежелері және әр түрлі мемлекеттерде оқыту тәжірибелері бар. Олар халықараралық деңгейдегі зерттеулерді жүргізеді. Шетелдік оқытушылардан басқа магистранттар үшін жергілікті тәжірибешілер – университеттердің ректорлары, мұғалімдер, талдау орталықтарының директорлары арнайы шақырылды. Түлектердің күмәнсіз құндылықтарының бірі тек қана терең теориялық білімнің болуы емес, сонымен бірге практикалық дағдыларға ие болуларын айта кету керек. Оқу барысында магистранттар зерттеу жобаларын жүргізіп, ауылдық шағын жинақталған мектептерге, жоғары жоқу орындарына, білім қорларына барып, қазіргі кездегі білім жағдайы жайында шынайы ақпарат алды.
Түлектердің сөздеріне қарағанда, олардың әрқайсысы әр түрлі білім ұйымдарына жұмысқа шақырылған, олардың арасында аймақтық және астаналық оқу орындары, Білім және ғылым министрлігі және талдау орталықтары бар.